Президент мемлекеттік қызмет пен басқару тиімділігін арттыру жөнінде жиын өткізді

    Билік 4 Avgust 2022 6314

    4 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет пен басқару тиімділігін арттыру шаралары туралы бейне байланысты жиын өтті.

    Шын мәнінде, бұл соңғы жылдары жүзеге асырылған әкімшілік реформалардың мәндік жалғасы. Мемлекет басшысының халықшыл саясатының арқасында мемлекеттік қызметшілер халыққа біршама жақындай түсті. Халықтың сөзін тыңдау, қаражатты халықтың сұранысына қарай бағыттау, «махаллабай» жұмыс істеу жүйесі жолға қойылды. Қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі үшін тиісті жағдай жасалған.

    Мемлекет басшысы Олий Мажлис палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде «Келесі маңызды міндет – орталық органдарды трансформациялау арқылы азаматтарға қызмет көрсететін ықшам және тиімді басқару жүйесін құру» деп мәлімдеген еді.

    Қазір бұл салада 118 мың адам еңбек етуде. Алайда, тиімділігі жағынан мемлекеттік қызмет әлі де халықтың көңілінен шығатын жүйеге айналған жоқ.

    Мәселен, өткен жылы Халық қабылдау бөлімдеріне министрліктер мен басқармалар қызметкерлерінің білімсіздігі мен жауапсыздығы туралы 25 мың, қарым-қатынас мәдениетінің төмендігі туралы 7 мың шағым түскен.

    Қабілетін анықтау, оқыту және жұмысты жақсартуға үйрететін кешенді жүйе болмағандықтан кейбір шенеуніктер өз міндеттерін орындай алмай отыр. Тұтастай алғанда, көшбасшыларды таңдау, дайындау және мотивация беру жолға қойылмағандықтан өнімділік кедергілерінің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

    Сондықтан жергілікті және шетелдік мамандарды тарта отырып, терең талқылау негізінде екі жыл көлемінде «Мемлекеттік азаматттық қызмет туралы» заң дайындалды.

    Жиында осы заңда көзделген талаптар негізінде мемлекеттік органдардың алдында тұрған бірінші кезектегі міндеттер көрсетілді.

    Ең алдымен, мемлекеттік органдарға қызметке қабылдаудың ашық жүйесі енгізілетіні айтылды. Осы мақсатта жыл соңына дейін барлық бос лауазымдар бірыңғай ашық электронды платформаға орналастырылады. Қазіргі уақытта бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін 16 құжат талап етілмейді, барлық үдерістер электронды түрге көшіріледі. Үміткердің білімі, тәжірибесі мен әлеуеті ашық конкурс арқылы анықталады.

    Бұл жүйе тәжірибе ретінде Самарқанд облысы мен Мемлекеттік салық комитетінде сынақтан өтті. Жиында осы облыстың және комитеттің жауапты қызметкерлері оның нәтижелерін баяндады. Әрбір министрлік пен әкімдік кадрларды іріктеуді жоғары оқу орындарынан бастауы керектігі айтылды.

    Осы тәжірибені жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында «Жас мамандарды іріктеу» бағдарламасы жарияланатын болды. Бағдарлама аясында бітіруші курстарда оқитын дарынды студенттер іріктеліп, министрлікте және әкімдік жүйесінде тағылымдамадан өтеді және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа қабылданады. Оның ішінде шетелде білім алып жатқан жастар да бар.

    Зерттеулерге сай, министрліктердің орталық аппаратындағы басшылардың 40 пайызы аудандық деңгейді көрмеген, ал аудандық деңгейдегі басшылардың 60 пайызы облыстық немесе республикалық басқармаларда жұмыс істемеген.

    Сондықтан да Президент мемлекеттік органдардағы кадрларды «махалладан – республикаға дейін» қағидаты бойынша дамытуға баса назар аудару қажеттігін айтты.

    сатта 1 қарашадан бастап ескі үлгілік анықтамадан бас тартып, алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде қызметкердің біліктілігі мен жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады. Қарапайым тілмен айтқанда, көшбасшылыққа кездейсоқ келіп қалуына тосқауыл қойылады.

    Сондай-ақ аудан, қала деңгейінде басшылық қызметке білікті кадрлар резерві құрылып, үміткерлер тек аудан әкімінің көмекшілері мен жастар көшбасшылары арасынан іріктелетін болады. Құзыреттеріне қарай олар үшін мақсатты оқыту курстары ұйымдастырылады.

    Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі, Жастар істері агенттігіне «Отандастар» қорымен бірлесіп, «100 озық көшбасшы» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті жүктелді. Бұл бағдарлама аясында әлеуетті жас кадрлар мемлекеттік қызметкерлер, белсенді кәсіпкерлер, шетелдегі отандастардан іріктеліп алынады.

    Республикада «адам – қоғам – мемлекет» қағидасы басым бағыт ретінде белгіленгені белгілі. Барлық салада тұрғындарға қолайлы жағдай жасау шаралары қолға алынуда. Атап айтқанда, лицензия алу, қызмет көрсетуге тапсырыс беру, түрлі агенттіктерге құжат тапсыру, төлем жүйелері біршама жеңілдеді.

    Бірақ көп салада әлі де бюрократиялық бар. Мысалы, субсидиялау үшін орта есеппен 10 министрлік пен ведомстводан қорытынды алу керек. Сондай-ақ электр желілеріне қосылуда артық шығындар мен бюрократия көп. Медицинада қай қызмет түрі тегін немесе ақылы болуы, мемлекеттен берілетін дәрі-дәрмектің есептелуі мен иесіне жеткізілуі анық жүйелі емес. Құрылыс, көлік, коммуналдық-тұрмыстық, карантиндік нысандарда да тұрғындар мен кәсіпкерлерге қиынға соғатын үдерістер көп.

    Сондықтан Премьер-Министрге әр министрлік пен әкімдікте қызмет көрсету үдерістерін түсінікті әрі ыңғайлы ету, артық шығындар мен құжаттарды қысқарту жөнінде тапсырма берілді.

    – Мұның бірден-бір жолы – халықтың разылығын алу, – деді Шавкат Мирзияев.

    Бүгінде халқымыз ел дамуына бей-жай қарамай, махалла істеріне белсене атсалысып келеді. Мысалы, «Ашық бюджет» порталы арқылы азаматтардың бастамалары жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында осындай 2 мыңнан астам жоба іске қосылды. Ең бастысы, адамдар салынған инфрақұрылымды ұқыпты пайдалануда.

    Алдағы жарты жылда мұндай жобаларға тағы 1 триллион сум бөлу жоспарлануда. Сондықтан шенеуніктерге тұрғындардың пікірін ескере отырып, жобалардың ауқымын кеңейту жөнінде тапсырма берілді.

    Экономикадағы жеке сектор өскен сайын білікті кадрларға сұраныс артуда. Осы бәсекелес нарықта мемлекеттік қызмет те тартымды болуы керек.

    Сондықтан Президент мемлекеттік қызметшілер қызметінің кепілдігі де күшейтілетінін айтты.

    Атап айтқанда, келесі жылдан бастап қызметкердің тәжірибесіне, біліктілігіне және нәтижесіне қарай ынталандыру жүйесі енгізіледі. Олардың өмірі мен денсаулығы мемлекет есебінен сақтандырылады. Қызметін адал және таза атқаратын мемлекеттік қызметшілерге қарттық кезеңін лайықты өткізуге кепілді жағдай жасалатын болады.

    Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру мәселесі де қозғалды.

    Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметшілердің 20 пайызы ғана біліктілігін арттырған. Оқыту сапасы да заман талабына сай емес.

    Сондықтан шетелдік білім беру орталықтарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын құрудың маңыздылығы атап өтілді. Министрліктер жүйесіндегі 110 оқу орталығының қызметі қаралып, оқу бағдарламалары мен әдістерін жаңарту, оларға білікті мамандарды тарту жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates