Мемлекет басшысы кедейшілікті азайту жөнінде тұсаукесермен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 14 тамыз күні кедейшілікті азайту және халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру шаралары туралы тұсаукесермен танысты.

    Әрбір ел өзінің даму процесінде кедейлікті азайту кезеңдерін бастан кешіреді. Өзбекстан да 2020 жылы халықтың белгілі бір бөлігі кедей екенін мойындап, оларға көмектесуді қолға алды. Қаржылық-ұйымдастыру шаралары басталып, жүйе енгізілді. Бұл ұзақ жылдар бойы қиын жағдайда қалған 3 миллионнан астам халықтың жағдайын жақсартып, өз жемісін берді. Кедейлік деңгейі 17 пайыздан 11 пайызға дейін төмендеді.

    Алдағы үш жылда кедейшілік деңгейін 11 пайыздан 7 пайызға дейін төмендету мақсаты тұр. Қазіргі жүйемен өнімділікті арттыру қиын. Кедей отбасын таңдауда нақтылық, оны бұл жағдайдан шығаруда және қаржы бөлуде тұтастық жетіспейді.

    Биылғы жылдың 12 шілдесінде Ферғана облысында өткен жиында Мемлекет басшысы бұл тұрғыда жаңа тәсілдер қажет екенін, енді кедейлікті азайту мен әлеуметтік қорғау бір жүйеде болатынын айтқан еді.

    Тұсаукесерде осы екі саланы дамыту бойынша ұсыныстар қарастырылды.

    Оған сәйкес, талдау негізінде кедейлікті анықтау критерийлері мен мекенді тізімі жасақталады. Атап айтқанда, оған «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай тізіліміне» енетіндер мен кедейлікке ұшырау қаупі жоғары болғандар кіреді. Мұндай отбасыларды «махалла жетілігі» мен олардың белсенділері дауыс беру арқылы растайды. Кедейліктен шығуға бағытталған барлық әлеуметтік қызметтер мен көмектерді «Инсон» орталықтары жүзеге асырады.

    Кедейлік факторларын зерделеу мақсатында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша 8 бағыт бойынша бірыңғай сауалнама әзірленетін болады. Осының негізінде отбасының мүмкіндіктері бағаланып, 3 категорияға бөлінеді. Әр отбасымен жеке жұмыс істеп, «аяққа тұруына» көмек көрсетіледі.

    Осы тұжырым, кедейлік деңгейі жоғары махаллалардың тізімі қалыптастырылады. Жыл сайын 50 махалла таңдалып Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігі мен әкімдіктер тарапынан, олар кедейлікте шығарылып, жұмыспен қамтылады.

    Бүгінде әкім көмекшілеріне 20-дан астам міндет жүктелген. Сондықтан кедейлікті азайту мәселесі екінші деңгейге түсті. Енді әкім көмекшілерінің қызметі қайта сарапталып, кедейлікті азайтып, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету басты назарда болмақ.

    Жыл сайын кедейлікті азайтуға 14 триллион сум бөлінеді. Бірақ бұл ақша 40 түрлі қаржы құралдары арқылы, 10-ға жуық агенттік береді, бірыңғай тәсіл жоқ. Сондықтан бұл жүйе де өзгереді. Қаржыны өңір, аудан және махалладағы күн көрісі төмен отбасылардың санына қарай Агенттік пен әкімдік бөледі. Бұл ретте қаражат бірінші кезекте отбасын кедейліктен шығаруға бағытталады.

    Кедейлікті төмендетуге бағытталған бағдарламалардың іске асырылу мониторингі 3 кезеңде – махалла және аудан, облыс және республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Осыған байланысты қоғамдық бақылау күшейтіледі.

    Жұмыс орындарын брондау тәжірибесінің орнына мұқтаж адамдарды жұмыспен қамтыған кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер енгізіледі. Бос орындар толығымен цифрландырылады. Тапсырыс берушіні кәмелетке толған азамат және фрилансермен байланыстыратын онлайн платформа құрылады. «Ишга мархамат» моноорталықтарында тұрмысы төмен азаматтар қызмет көрсету саласындағы заманауи өнеркәсіпке оқытылады.

    – Соңғы жылдардағы жинақталған тәжірибе мен халықтың сұранысына сүйене отырып, кедейлікті төмендетуді жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұқтаж жандардың сұранысы мен мүмкіндіктерін қолдап, өмірге, қоғамға бейімдеу қажет. Жалпы, кез келген әлеуметтік көмек түптеп келгенде жұмыспен қамтумен байланысты болуы керек, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Шенеуніктерге әлеуметтік көмектің ашықтығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмалар берілді.