Коронавируспен ауырған жүкті әйелдер қандай жағдайда емханада жатып емделуі қажет?

    Денсаулық 15 Yanvar 2022 1437

    Біздің коронавируспен бетпе-бет келгенімізге де екі жылдан асты. Осы уақыт ішінде біздің дәрігерлер аурумен күресуде, науқастарды емдеуде үлкен тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, соңғы уақытта науқастардың көпшілігінде ауру жеңіл болды. Дегенмен, қандастарымыздың арасында әлі де болса шамадан тыс уайымға берілгендер бар. Әсіресе мұндай жағдай жүкті әйелдерде көп кездесуде.

    Атап айтқанда, жағдайы қанағаттанарлық болғанымен, көпшілігі ауруханада емделуді қалайды. Бұл осындай қарбалас кезде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жұмысын қиындатады.

    ДСМ Баспасөз қызметі осы тақырып бойынша астанамыздағы №3 туу кешенінің акушер-гинекологы Динара Матниёзовамен сұхбаттасты.

    — Біздің мекемеде коронавирусты жұқтырған жүкті әйелдер емделеді, — дейді дәрігер. – Өкінішке орай, соңғы күндері олардың арасында ауруды жұқтырғандар саны артып келуде. Дегенмен, науқастардың көпшілігінде ауру симптомсыз және жеңіл түрде өтіп жатқаны қуантарлық жайт.

    Алайда бүгінде бұл аурумен ауыратын көптеген жүкті әйелдер абдырап, дереу емханаға жатуға келуде. Қаншалықты түсіндірсек те, перзентханада емделгісі келеді.

    Дегенмен, бұрын емханада бұл дертті жұқтырған жүкті әйелдердің 10-15 пайызы ғана жеңіл белгілермен емделсе, қазір жатып ем алатындардың 85-90 пайызында осындай жағдай байқалады.

    Бұл өз-өзінен ауыр жағдайдағы науқастарға дер кезінде стационарлық көмек көрсету мүмкіндігін шектеуі де мүмкін.

    Сонымен қатар, кейде туу кешеніне коронавирус диагнозымен госпитализацияланған жүкті әйелдердің туыстары «неге науқас тек таблетка ішіп жатыр?», «неге тамшы укол, антибиотик немесе гормон қабылдамайды?» деп сұрайды.

    Оларға жауап ретінде айтарым, біріншіден, жақын адамыңыздың жағдайы бойынша емханада емделудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, қолданыстағы ұлттық хаттамаға орай, коронавирусқа шалдыққан жеңіл, орташа, ауыр және өте ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеу бойынша арнайы нұсқаулар бар.

    – Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер шын мәнінде қандай жағдайда емханаға жатқызылуы керек?

    – Ең алдымен тыныс алуы қиындағандар емханада емделеді. Сондай-ақ жүкті әйелді стационарлық жағдайда емдеу орынды, тіпті қақырықты бөлу қиын болса да, кеуде қуысында ауырсыну, сатурация 95% -дан төмендесе, дене температурасы 38,5 градустан жоғары болғанда да жүкті әйел стационар жағдайда ем алса мақсатқа сай болады.

    Сондықтан мен тәжірибелі дәрігер ретінде халқымыздан, әсіресе, жүкті әйелдеріміз бен олардың туыстарынан көп алаңдамауын сұраймын.

    Себебі, елімізде коронавирус жұқтырған барлық науқастарды емдеуге жағдай жасалып, дәрі-дәрмек қоры жинақталған.

    Сондықтан біздің медицина қызметкерлеріне ауруды жеңуге, дәрігерлердің ұсыныстарын орындауға көмектесуіңізді сұраймын.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates