Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған бұл шара Өзбекстандағы еңбек қатынастары жүйесінде қол жеткізілген нәтижелерді қорытындылауда, сондай-ақ мемлекетте лайықты еңбек қағидаларын жетілдіру туралы жаңа ұсыныс пен идеяларды жасауда маңызды орынға ие.
Шарада Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Танзила Нарбаева, Халықаралық еңбек ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бюросының директоры Ольга Кулаева, Ұйымның Бас директоры, бұрынғы кеңесшісі Кари Тапиола және бірқатар халықаралық ұйымдардан мамандар мен сарапшылар, шет мемлекеттердің Өзбекстандағы дипломатиялық өкілеттіктерінің басшылары, сондай-ақ тиісті министрлік пен кеңселердің өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева сөз сөйлеп, төмендегілерді айтты. «Бүгінгі күні кең халықаралық қауымдастық Өзбекстанның балалар мен мәжбүрлі еңбекті жою бойынша бірегей ұлттық тәжірибесі көптеген елдерге үлгі болуы керектігін растап отыр. Бұл ретте алға қойылған мақсаттарға жету жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Біз әлі де кейбір мәжбүрлі еңбек жағдайларымен бетпе-бет келіп отырмыз, олар басқа салаларда да орын алуда, бұл кейбір жергілікті басшылар мен жұмыс берушілердің санасында әлі де болса сақталы қалған әкімшілік-бұйрықпаздық әдістердің қалдықтары екенінің дәлелі – бұлар біз күресіп жатқан кеңестік дәуірдің қалдықтары.Бүгінгі таңда елімізде орта және шағын бизнес қарқынды дамып келеді, жаңа жұмыс орындарын ашу үдерісі тоқтаусыз жалғасуда және олардың халықаралық стандарттарға толық жауап беруін қамтамасыз етуіміз қажет».
Таъкидланганидек, Ўзбекистоннинг Халқаро меҳнат ташкилоти ва бошқа Атап өтілгендей, Өзбекстанның Халықаралық Еңбек Ұйымы және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдармен соңғы жылдардағ іс жүзіндік ынтымақтастығы еңбек қатынастары жүйесін нығайтуға және дамытуға қызмет етті, атап айтқанда, салада 10 жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Сонымен қатар, саладағы бар проблемалар анықталып, олар жалпы жұртшылыққа және халықаралық қоғамдастыққа жария етілді және оларды шешу бойынша практикалық жұмыстар қысқа мерзімде жүргізілді, адам құқықтарын қорғаудың бірегей және мүлдем жаңа жүйесі құрылды, сондай-ақ елде адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрестің үш басқышты жүйе (Ұлттық комиссия – кіші комиссиялар – аумақтық комиссиялар) қалыптастырылды.
Сонымен қатар, халықаралық нормалар негізінде норматвтік-құқықтық база жетілдірілді, азаматтық қоғам өкілдері мониторингтік қызметті жүргізуде негізгі локомотивтік күшке айналды, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен еңбек мәселелері бойынша диалог пен ынтымақтастық кеңейіп, өзара сенім нығая түсті. Сонымен қатар, шетелде жұмыс істейтін азаматтарды жүйелі қолдау мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріліп, ауыл шаруашылығы жүйесі реформаланып, кластерлік жүйе құрылып, мәжбүрлі еңбек толығымен жойылды.
Ең маңыздысы, өзбек мақтасына бойкоттың күшін жойып, АҚШ-тың Еңбек министрлігі тарапынан елдегі өндірілген мақтаны «Балалар және мәжбүрлі еңбекпен өндірілген өнімдердің тізімінен» алынып тасталды.
Шарада халықаралық сарапшылар тарапынан еңбек қатынастары саласындағы қол жеткізген нәтижелері мен бүгінде Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастық лайықты еңбек қағидаттарын іс жүзіне енгізу бойынша жүргізіп жатқан халықаралық аренада жоғары деңгейде танылғаны атап өтілді және бұл тұрғыда Өзбекстанның ұлттық тәжірибесі басқа елдерге үлгі бола алатыны тілге тк етілді.
Бұл мәселелер Халықаралық еңбек ұйымы Бас директорының бұрынғы кеңесшісі К.Тапиоланың авторлық монографиясында да көрініс тауып, онда Өзбекстанда мәжбүрлі еңбекке қарсы күресу,еңбек құқықтарына мойынсұнуды мониторинг жасау, еңбек саласына қатысты халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде жүзеге асырылған істер мен нәтижелер кең жарияланған.
К.Тапиола қол жеткізген барлық жетістіктер— барлығы ел қызметтері, Өзбекстанның ауқымды жұмысының жемісі екенін, бұл ретте ХЕҰ тек көмектескенін атап өтті.
Шарада Халықаралық еңбек ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бюросының директоры О.Кулаева, Ұйымның Бас директорының бұрынғы кеңесшісі К.Тапиола және бірқатар халықаралық ұйымдардың мамандары мен шет мемлекеттердің Өзбекстандағы дипломатиялық өкілеттіктерінің басшылары осы маңызды басылым туралы өз тұжырымдары мен пікірлерін білдіріп, Өзбекстанның қол жеткізген жоғары нәтижелерін халықаралық аренада насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.