Талқылау барысында Заңда қайта қарауды қажет ететін бірқатар мәселелер бар екені айтылды.
Атап айтқанда, Жанұя кодексінің қолданыстағы 13-бабында уәжді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу органына бір ай өткенге дейін некеге тұруға рұқсат берілуі, ал кейбір жағдайларда, мәселен жүктілік, баланың туылуы, тараптардың біреуінің ауруға шалдығуы және басқа жағдайларда некеге өтініш берген күні жасалуы мүмкін. Алайда қаралып жатқан заңмен аталмыш нормалар шығарылуда.
Бұған негіз ретінде Заңмен енгізілген басқа да өзгерістер көрсетілген. Атап айтқанда, енді некеге тұру азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына өтініш бергеннен кейін бір айдан кейін емес, өтініш беріп, белгіленген тәртіпте медициналық тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылатыны көзделген.
Бірақ, некеге тұру азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына өтініш беріп, белгіленген тәртіппен медициналық тексеруден өткеннен кейін қанша уақытқа созылатыны белгісіз болып қалған.
Осыған орай, бұл норманың қабылдануы ерекше жағдайларда, яғни жүктілік, бала туылуы, тараптардың біреуінің ауруы және басқа да жағдайларда өтініш берілген күні некеге тұру мүмкіндігін шектейтіні атап өтілді, ал бұл, өз кезегінде, некеге тұрған адамдардың заңды қарсылықтарын тудыруы мүмкін екені айтылды.
Қолданыстағы Жанұя кодексінің 17-бабына сәйкес некеге тұратын адамдардың жасы 50-ден асқан болса, ал кейбір жағдайларда, мысалы, жүктілік, бала босануы, тараптардың бірінің ауруы және басқа да жағдайлар болғанда медициналық тексеруден өз қалауымен өткізіледі.
Заңмен енгізілген өзгертуге сәйкес, 50 жастан асқан некеде тұрғандар немесе ортасында баласы (балалары) бар некеде тұрған адамдар, сондай-ақ жүкті әйел мен оның туылатын баласын өз баласы деп тән алатын тұлға үшін медциналық тексеруден өту өз еркі саналатыны көрсетілуде.
Осы өзгерістер негізінде жоғарыда аталған кейбір тұлғалардың медициналық тексеруден өтуі некеге тұратын тұлғалардың өз разылығымен емес, ерікті түрде жүргізілетіні атап өтілген.
Сондай-ақ, қолданыстағы мәтінде көзделген тараптардың біреуінің ауруға шалдығу жағдайлары Жанұя кодексіне өзгертулер енгізу барысында назардан тыс қалған. Бұл өз кезегінде осы санаттағы тұлғалардың құқықтарын шектеуге әкеледі.
Сонымен қатар, Жанұя кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістерге сәйкес, некені тіркеудің бір айлық мерзімін жою және азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына өтініш бергеннен кейін және белгіленген тәртіппен медициналық тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылатыны көзделген.
Алайда, бұл норманы енгізу кезінде ұсыныстар жеткілікті түрде негізделмеген, ұлттық және шет мемлекеттердің тәжірибесі терең үйреніліп, талдау жасалмаған.
Атап айтқанда, заң бастамашылары кейбір шет мемлекеттерде некені тіркеу мерзімінің жоқтығын немесе оның қысқалығын айтқанымен, ұлттық заңдылық жүйеміз бір-біріне жақын басқа да бірқатар шетелдерде және ТМД елдерінде бұл мерзімдер әлі де бар. Мысалы, Ресейде (1 айдан кем болмаған және 12 айдан көп емес мерзімде), Арменияда (1 айдан кем емес және 3 айдан көп емес), Әзербайжан мен Қазақстанда (1 ай мерзімде) және басқа да көптеген елдерде некеге тұру мерзімі сақталған.
Қолданыстағы нормалар мен ережелер, яғни некені тіркеу мерзімдерінің болуы некеге тұрғандарға өз шешімдерін мұқият ойластыруға, жастардың асығыс некеге тұруына жол бермеуге, оларды отбасылық өмірге дайындауға және еліміздегі ажырасулар санын азайтуға бағытталған құқықтық құжаттары да қабылданғаны атап өтілді.
Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып, сенаторлар «Өзбекстан Республикасының Жанұя кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдамау туралы қаулы қабылдады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.