Мүгедекттігі болған тұлғаларды көлікте қолдау көрсету мәселесі қаралды

    Қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлардың мүгедектігі болған тұлғалардың құқықтары мен қажеттіліктерін білуі және қолдап-қуаттауы маңызды.

    Үстіміздегі жылдың 19 апрелінде Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығымен ынтымақтастықта бірлесіп ұйымдастырған ақпараттық сессиясы осы тақырыпқа арналды.

    Шара Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігі, «Ташшахартрансхизмат» акционерлік қоғамымен ынтымақтастықта, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азия бойынша аймақтық бөлімінің қатысуымен ұйымдастырылды. Оған Ташкент қаласындағы автобус парктерінің жүргізушілері мен кондукторлары, сондай-ақ ұйымдастырушы мекемелер мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері – жалпы 50-ден астам қатысушы қатысты.

    Ақпараттық сессиясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көлікті пайдаланудағы құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен кондукторлардың білімі мен біліктілігін арттыру мәселесіне назар аударылды.

    Кездесуді Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов ашып, шара тақырыбының мәні мен маңыздылығына кеңінен тоқталды.

    Сессияда бірқатар сала өкілдері де сөз сөйледі.

    Өзбекстан Республикасы 2021 жылы БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялаған. Елімізде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асыру, сонымен қатар, «кедергісіз орта» қағидатын енгізу арқылы осы саладағы қолданыстағы жүйені жетілдіру бойынша дәйекті шаралар жүзеге асырылуда.

    Талқылау барысында көліктер мен инфрақұрылымның физикалық қолжетімділігін жақсарту басты назарға алынды. Мүгедектер арбасындағы адамдарға қоғамдық көлікке кедергісіз кіру және шығу үшін қолайлы мүмкіндіктер жасаудың заманауи инновациялық жүйелері қаралды.

    Сарапшылар бұл бойынша қолайлылық жаратуға қатысты ағымдағыхалықаралық стандарттар мен оларды ұлттық жағдайларға бейімдеу жолдарын талқылады.

    Диалог барысында, көлік желілері мен көлік құралдарын жобалау кезеңінен бастап кедергісіз кеңістік жарату қажет екені де айтылды. Барлық жаңа жобаларды пандустар, кең есіктер мен арнайы лифттер сияқты ыңғайлы шешімдерді ескере отырып дайындаудың маңыздылығы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық орындарда өз бетінше жүріп-тұруын жеңілдететін заманауи технологияларды кеңінен қолдану қажеттігі тілге тиек етілді.

    Әрине, бұл саладағы жұмысты жетілдіруде заңдылық құжаттардың рөлі мен маңызы зор.

    Қатысушылар мүгедектігі болған тұлғаларға құрмет пен көмектесу үшін қызметкерлерді оқытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ кемсітушілікке жол бермеу және мүгедектерді белсенді қолдау бойынша тұрақты оқытуды қамту қажет.

    Талқылау соңында аталған мақсаттарға жету үшін барлық мүдделі тараптардың – мемлекеттік органдардың, жеке сектордың және беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың өзара ынтымақтастығы қажет, деген бірауыздан қорытынды жасалды.

    Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates