Шарада адам саудасына қарсы күресте ұлттық, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа жанасулар мен ұсыныстарын әзірлеуде және оларды іс жүзіне асыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел сұхбатында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес Ұлттық комиссияның төрайымы Т.Нарбаева сөз сөйлеп, соңғы жылдары елімізде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың басшылығында барлық салада, ең алдымен адам құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ету баәыттарында реформалар жүзеге асырылғаны, бұл бағытта парламент, үкімет және азаматтық қоғам институттарының іс жүзіндік ынтымақтастығы түбелейлі жаңа басқышқа көтерілгенін ерекше атап өтті.
Атап өткендей, адам саудасы қылмысы халықаралық қоғамдастықта барлық елдер үшін жаһандық проблема ретінде көрініс табуда. Бұл індет кең көлемді проблема болып, бұл адам саудасымен ғана байланысты емес, адам құқығын қамтамасыз ету, оның денсаулығы, ана мен бала тыныштығы, білім беру, қауіпсіз миграция, еңбек эксплуатациясы мәселелерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл қылмыс трансұлттық мәнге ие болып, бір елден екінші елге немесе басқа елдерге жалғасып, жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіруде.
Мұндай жағдайда ең алдымен адам саудасына қарсы күрестің ұлттық жүйесін жетілдіру, заңдылық мен ұйымдық-құқықтық базаны нығайту, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты күшейту – дәуір талабы.
Дөңгелек үстел сұхбатында Өзбекстандағы осы жаһандық індетке қарсы күресте мемлекеттік органдармен бірге азаматтық қоғам институттары да белсенді түрде күресіп жатқаны, саланы жетілдіру халықаралық стандарттар негізінде жүргізіліп жатқанына назар аударылды. Осыған байланысты Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес бойынша ұлттық және аумақтық комиссиялардың, сондай-ақ осы мәселелер бойынша Ұлттық баяндамашы институтының қызметі ұлттық және жергілікті деңгейде жан-жақты үйлестірілген тиімді шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.
Айта кету керек, халықаралық ұйымдардың ұсыныстары негізінде ұлттық заңдылықта адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін жазалау мәселелері күшейтілген, сондай-ақ ашықтық қағидаттары негізінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық нығайтылған, ал бұл бағыттағы жұмыс мүлде жаңа деңгейге көтерілді.
Шара барысында халықаралық сарапшылар соңғы жылдары Өзбекстанда адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күресте жүргізілген реформаларға жоғары баға берді.
Атап өтілгендей, АҚШ Мемлекеттік департаментінің соңғы жылдардағы дүние жүзіндегі адам саудасы туралы баяндамаларында Өзбекстан Республикасының адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрестегі қызметінің жоғары нәтижелерге қол жеткізілгені, ерекше бақылауда мемлекет тіркеуінен шығарылып, халықаралық стандарттарды толық орындау бойынша кең көлемді істер жүзеге асырылған мемлекеттер тізіміне енгізілді.
Сондай-ақ, 28 сентябрьде АҚШ Еңбек министрлігі жариялаған «Балалар еңбегінің ең нашар көріністері» туралы жылдық есеп беруде Өзбекстан Республикасының ұстанымы ең жоғары орынға – «маңызды өзгерістер енгізген елдер» қатарына қосылды. Бір қызығы, Өзбекстан 131 мемлекеттің ішінде ең жоғары көрсеткішке ие 9 елдің қатарынан орын алды.
Адам саудасына қарсы күресте, салаға халықаралық стандарттарды енгізуде ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы өкілеттігімен тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырылып жатқаны тілге тиек етілді.
ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес бойынша арнайы өкілі В.Ричи, ұйымның Өзбекстандағы өкілеттігінің өкілдері, еліміздің құқықты қорғау органдарының, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдардың өкілдері баяндамалармен қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Шара соңында ЕҚЫҰ аясында адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сонымен қатар еңбек мигранттары жұмыс істеп жатқан елдердің парламенттері, үкіметтері мен мүдделі мекемелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісілді.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.