Отбасы — жеке тыныштық мекені

    Жанұя. Адам жұмыстан шаршап-шалдығып келгенде жаның жай табатын жер. Жүректің бар түйіні жазылатын қорған. Ерлі-зайыптылар мен бала-шаға үшін жеке тыныштық мекені саналады. Бірақ баршада солай ма? Кейінгі кезде ажырасқандар жайлы естісем, ажырасуға себеп болған сылтауларын тыңдасам, күлкім келетін болған. Бір жанұяны сақтап қалу үшін қаншама қарияларды іске саламыз... Көпті көрген аналарымыздың өмірлік тәжірибесін үлгі етіп көрсетеміз. Қанеки, енді соның пайдасы болса?

    Жуырда кенимехтік бір жас отбасының ажырасуының себебін үйрендік. Келіңіз, сіз де бұл жанжалдан хабардар болыңыз. Келіншек ұзатылған махалласына ду-ду мақтау сөздермен кіріп келді. Иә, не дейсіз, келін үйіне қажетті жиһаздар мен техниканың барлығын әкеліпті. Той болған күні қыз өзімен бірге әкелген жасауымен қоса көздің жауын алатын заманалық жиһаз-жабдықтарын тамашаламаған жан қалмайды.

    Бақуатты өмір сүруге ұмтылу жақсы. Хош, ата-анасының арманы ғой «шашу, тояна» жасаған да дерсіз... Өкінішке орай, тойдан кейінгі ұрыс-жанжал осы қымбат жиһаз бен заманалық құрал-жабдықтардан басталды. Банк қызметкерлері қалыңдықтың үйіне несие төлемін сұрап келгенде... Дұрыс таптыңыз, келін әкесінің үйінен келерде барлық заттарды несиеге алып, ол аздай пәлен сомға ұялы телефонды да сатып алған. Қызық, бұл төлемдерді кім төлейді, деп ойламаған ба? Өкінішке орай, айына 3 миллионнан асық төлеуі керек болған қаржы үшін бір жанұя ажырасып кетті. Өйткені қарызбен кіріп келген қалыңдық отбасына қанша дайын болса да, күйеу жігіттің отбасы оны қабылдамады.

    Бұл отбасын сақтап қалуға кімдер араласпады дейсіз. Махалла, аудан әкімінің өзі де бұл өзекті мәселені үйренді. Жұмыссыз жүрген келін-күйеуді жұмысқа орналастыру үшін әрекет жасады. Дегенмен ...

    Науаи қаласындағы ажырасуға себеп болған тағы бір жағдай.

    — Енді ғана жанұя құрған жігіт интернетте құмар ойын ойнап, бар дүниесін тіккен, – дейді Науаи қаласындағы АХАТ бөлімінің 1-санатты инспекторы Гүлмира Шамситдинова. – Күйеу жігіттің ата-анасы таныс-білісін ортаға салып, ұлын бірнеше рет жұмысқа орналастырып қояды. Өкінішке орай, жас жігіт екі-үш ай жұмыс істеген кәсіпорында ондаған адамдардың сеніміне кіріп, өзгелердің пластикалық картасындағы ақшаларын құмар ойнына тігеді. Нәтижесінде бір отбасының шаңырағы шайқалды.

    Өйткені, күйеу жігіттің қалыңдықпен жұмысы жоқ, бар ой-қиялы виртуалды құмар ойындарында. Қыздың ата-анасы арада бала болмай жатып «күйеуі» перзентін құмарға тігіп жіберуінен қорқып, некені бұзды. Ең сорақысы, ажырасуға қанша уақыт берсек те, берілген мүмкіндік бекер болды. Жоғары білімді жас жігітке бәрібір. Келінді де, ата-анасын да аямайды, «зомбиге» ұқсап қалған. Ол бүгін ақша тауып, қайта интернетке кіріп, ойын ойнаса..., Мұндай жанжалды күнде естисіз.

    Ең өкініштісі, әлі анасының сүті аузынан кетпеген баласын ата-аналар тұрмысқа ұзату үшін АХАТ бөлімдеріне әкеледі, – дейді Нұрата ауданындағы 1-санды АХАТ бөлімінің меңгерушісі Зебо Мирзаева. – Неге екені белгісіз, халқымыз азаматтық төлқұжатын алған болса, демек жастардың үйленуі мүмкін деп ойлайды. Негізінде қыз отбасылық қарым-қатынасқа, тұрмысқа шығуға, тіпті тұрмысқа шығуға физиологиялық тұрғыдан да дайын емес.

    Жақында «Эшонсудур» махалласынан келді. Алайда, түсіндірулерімізгеге қарамай, қызды заңды некесіз «келін» етіп ұзатты. 16-17 немесе тіпті 18 жаста дақыздарды тұрмысқа шығуға дайын емес деп санаймын. Сондықтан азаматтық төлқұжат беруді 18 жастан белгілеу керек деп ойлаймын. Дегенмен, ерте некеге тұрудың алдын алуды тек төлқұжаттар белгілей ме, деген ой келеді. Қанша күйіп-піссең де, өз білгенінен қалмайтын ата-аналар қаншама?.. Неке жасын 18 жас екенін білсе де, «келіңіз осыларды загстен өткізейік», деп баларының төлқұжаттарын «қолтықтап» келетіндер өте көп... Неліктен адамдар перзенттерінің өмірін тәуекелге қойып, болашағын ойламай қандайда бір нәрселерді жоспарлайды екен а!?...

    Карманада отау құрғандарына алты ай ғана болған отбасы некені бұзды. Себебі қиянат, жігіттердің тұрақсыздығы. Ата-ана қалауымен, қыз бен жігіттің көңілсіздігімен құрылған шаңырақ ұзаққа бармады. Бала 19 жаста, қыз 18 жаста. Анықталғандай, жас жігіт өзі тұратын көшенің басында пәтер жалдап тұрған өзінен 4-5 жас үлкен «балалы келіншекпен» 2 жылдан бері тұрып жатқан.

    Қалайша ата-ана осы жағдайдан хабардар болмаса..., – дейді аудандық АХАТ бөлімінің 1-санатты инспекторы Гүлшан Бекназарова. — Әрине білді, бірақ «... үйленсе, көнеді...» деп жүрді. Ажырасу үдерісінде келінге деген жігіттің әңгіме-сөзін естіген адамның тұла бойы шымырламай қоймайды. Өйткені, отбасы ерлі-зайыптылардың қалауымен құрылады. Келін жақтағылар көздерінде жаспен күйеу баласын «қарғап-сілеп» шығып кетті, ал келін жас болғандықтан ба түсінбейді... Ауданда 2021 жылы анықталған 177 ажырасудың 20-дан астамы қиянат салдарынан бұзылған.

    Жақында әлеуметтік желіде 15 жастағы сыған ұлты өкілінің той тамашасы тарады. Бұл той қоғамда түрлі пікірталас тудырды. Бұл тойды қайғылы оқиға деп есептеймін, – дейді Навбахор аудандық АХАТ бөлімінің меңгерушісі Халима Нұрматова. — Өйткені «Қауын қауыннан рең алады» деген сөз бар. Демек, бұл адамдарда осы жаста да тұрмысқа шығуға болады, деген түсінік бар. Ажырасудың көптеген себептері бар. Бір айта кетерлігі, соңғы кездері мал-мүлкі біреуге өтпес үшін қызын жастайынан жақын туыстарына ұзататындар көбейіп бара жатқанын айту орынды.

    Әлде екі бай отбасы балаларының қалауларына қарамастан құда болуды ниет еткендіктен ажырасулар көбейгенін айтпағанда... Немесе жастар бірер кәсіптің иесі болмай тұрып отау құрып, қаржылық қиындықтары мен рухани дерттерін жасырғандықтан ажырасулар көбейіп жатыр. Енді қожа көрсінге болған насихаттар өтпейді. Кімді алдаймыз, егер үгіт-насихатымыз нәтиже бермесе.... Біз атынайлармен де ақылдастық. Алайда, шаралар өте аз нәтиже беруде.

    Хатыршы аудандық АХАТ бөлімінің меңгерушісі Манзура Қулдашеваның айтуынша, аудандағы ажырасулардың кейбірі ішкілік пен нашақорлықтың кесірінен болып отыр. Бір қызығы, ата-ана жұмыс істемейтін, оқымайтын, ішімдік пен есірткіге тәуелді ұлдарын ойлайды. Менің ойымша, мұндай балалар тәрбиесі нашар отбасында өседі. Тойдан кейін үнемі таяқ жейтін келіннің шыдамы да таусылады.

    Ұрып-соғудың салдарынан ішіндегі баласынан айрылған келіншек ажырасуға бел буды. Ажырасудың алдын алу шараларының бірінде «...өзімді ойламаймын, болашақ баламның нашақордан туылғанын қаламаймын», деп боздап жылаған қыздың жан азабына шыдай алмадық.

    Ендеше, кейде қарапайым «анау еді, мынау еді» дегеннен басталатын жанжалдардың бір жыл өткеннен кейін АХАТ кеңсесінің табалдырығында «біздің мінез-құлқымыз тура келмеді» деген желеумен келетіндерден жүйе қызметкерлерінің жүрегі безілдейді. Сандарға жүгінсек, соңғы 2021 жыл барысында 1 229 отбасының некесі бұзылған. Оның ішінде 917-сі сот арқылы тіркелсе, 224-і баласыз ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ажырасу ресімделген. 79 ерлі-зайыпты қайта некеде тұрғандықтан сот шешімімен неке бұзылды. Күйеуі немесе әйелі “мәмілеге келмейді” деп танылған 5 отбасы сот шешімімен таратылды. Науаи қаласы ажырасу бойынша көш бастап тұр, 293 отбасы ажырасқан. Хатыршы ауданында 198, Кармана ауданында 177, Қызылтепа ауданында 149, Навбахор ауданында 133, Зарафшан қаласында 129-ды құрауда. Өкінішке орай, бұл ажырасулардың 60 пайызын 18- бен 20 жас аралығындағы жастар құрайды.

    МҚA Науаи облыстық ақпараттық қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates