Онда ажырасу алдында тұрған отбасылар татуласқан. Шариғат некесінде өмір сүріп жатқан жүздеген жанұяның некелерін заңды түрде рәсімдеген.
Негізінде өмір сүріп жатқан бұл қоғамға бір отбасының ажырасуы да көп. Өйткені әрбір санның астында мыңдаған тағдырлар жатыр. Ферғана қаласындағы АХАТ бөлімдерінде ұйымдастырылған үгіт-насихат жұмыстарына қалың жұртшылықпен бірге жаңа отбасын құрғысы келетін жастар мен ажырасу алдында тұрған отбасылар да қатысты.
Шара барысында некенің қасиеттілігі, ажырасудың түпкі себептері мен мәні ашылды. Ұзақ жылдар бойы тату-тәтті өмір сүрген, өмірдің түрлі сынақтарынан шыдамдылық пен табандылық танытқан үлгілі жанұялар, ақсақалдар мен кейуаналар жастарға үлгі-өнеге ретінде айтылды.
Айта кетерлік жайт, үстіміздегі жылдың осы кезеңіне дейін ажырасулардың саны облыста 3 мың 225-ті құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 жарым есеге көп.
Біздің ойымызша, қоғамдағы ажырасудың алдын алу үшін неке мәселесіне баса назар аудару қажет, – дейді Ферғана ауданының №2 АХАТ бөлімінің басшысы Шахноза Имамова. – Оның құнын барынша арттыру керек. Неліктен? Өйткені бізде некеміз арзандап кетті. Негізгі назар үйлену тойы мен той алдындағы рәсімдерге аударылады. Той бірінші орынға қойылады. Кімде кім қиындықпен қол жеткізсе, әлбетте бағалауы табиғи. Ал қазір өзіміздің жеке қалауымыз себеп жастарымызға неке және келінді оңай беретін сияқтымыз.
Тошлақ ауданындағы «Қамчипуруш» МАЖ-ның тұрғыны бір перзентті Қудрат Махмуджонович жұбайы Камолат Мирзаалиевамен 5 жылдан бері бірге жасап келеді. Бұл азаматтар ажырасуға шешім қабылдаған отбасылардың бірі. Олардың мәселелері қалың жұртшылықпен талқыланды. Ажырасуға себеп болған проблемалар зерделеніп, талқыланды, отбасы мүшелеріне тағы бір мүмкіндік берілді.
Сол ауданның Таулық ауылында тұратын, екі баланы тәрбиелеп отырған жас отбасы — Анваржон Сиддиқов пен Сохиба Халилова да ажырасуға өтініш берген еді. Өйткені, ажырасуға үшінші тұлғаның араласуы, тұрмыстық мәселелер себеп болған. Қалың жұртшылықпен бірге оларға 4 ай барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Насихаттық іс-шаралар барысында өмірлік тәжірибелері бар үлгілі отбасы мүшелері өмірлерінде кездескен ұқсас жағдайлардан мысалдар келтіре отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Нәтижеде отбасы мүшелері татуласып, өмірге мүлдем жаңа қадам жасады.
Жанұя кодексінің 13-бабына сәйкес, діни ғұрыптар бойынша қиылған неке құқықтық маңызға ие емес. Сандарға қарасақ, облыста өткен уақыт ішінде ресми мойындалмай, шариғат некелері арқылы 1 мың 200-ден астам бала дүниеге келген.
Шариғат некесімен жасап жатқандар өткен жылға қарағанда азайған. Бірақ шариғат бойынша неке қию оқиғалары әлі де жалғасуда. Мұның басты себебі – ажырасулардың көптігі. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты. Ажырасқан ерлі-зайыптылар ешқашан екінші некені заңдастырмайды, өйткені ажырасу ұзақ үдеріс. Бұл бар ақиқат. Сондай-ақ ажырасқан отбасылардың басым бөлігі сотта немесе АХАТ бөлімдерінде өзара келісе алмайды. Үдеріс ұзақ жалғаса береді. Бұл сияқты жағдайлар заңдастырусыз, шариғат неке негізінде жасауға кең жол ашады.
Юлдузхон Ашурова 5 жылдан бері шариғат некесінде күйеуімен жасап келеді. Насихат шаралары барысында олардың некелері ресми түрде жазылып, заңды некеге тұрды. Юлдузханның қуанышында шек жоқ.
– Күйеуім екеуміз шариғат некеде де бақытты өмір сүре алдық, – дейді Юлдузхон Ашурова. – Бірақ заң жүзінде мойындалмаса, заңды құқығың қорғалмаса, жүрегіңнің бір жағы әлі де кемтік болып тұрады. АХАТ қызметкерлерінің көмегімен неке қию туралы куәлік алдық. Енді мен шынымен бақытты болдым деп айта аламын.
Ферғана облысының 19 аудан мен қаласындағы 21 АХАТ бөлімінде ұйымдастырылған насихат және түсіндіру жұмыстары өз жемісін берді. Кең жұртшылық өкілдері және АХАТ қызметкерлерінің, қоғам белсенділерінің қатысуымен ажырасу алдында тұрған 40-тан астам отбасы татуластырылды.
Отбасылық ажырасудың алдын алудың бірден-бір жолы – неке жасына дейінгі жастарға жан-жақты түсінік пен дағдыны қалыптастыру, қоғамда жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
МҚА Ферғана облыс басқармасының баспасөз қызметі.