Түсіндірулер мен баяндамалар барысында қасиетті неке ұғымы, отбасының қоғамдағы рөлі және бүгінгі ажырасулар мен оның келіп шығу себептері туралы айтылды.
Азаматтардың хал-ахуалын тіркеу бөлімдерінде күн сайын халықтың туу және қайтыс болуы, неке қию, әке болу, бала асырап алу, некені бұзу жағдайларын бақылау мүмкін.
Шарада айтылғанындай, отбасылық дау-дамайлардың басым бөлігі ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасқа үшінші бөгде адамдардың араласуы, шектен тыс ой-арманның жетегіне берілу себептерінен болуда.
Ферғана қаласының тұрғыны Жасур Мамажонов Дилдора Шокировамен 5 жыл бірге тұрған. Олардың бір баласы бар. Алдағы күндері Дилдора тағы бір сәбиді дүниеге әкелмек. Алайда, басқа тұлғалардың араласуы мен өзара келіспеушілік салдарынан туыстық байланыстар жойылды. Насихаттық шарада олардың қарым-қатынасы түсіндіру істерінен кейін қайтадан жарастырылып жанұясы сақталып қалынды.
Шариғат бойынша некемен жасау жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда азайған. Дегенмен шариғат бойынша неке қию оқиғалары әлі де жалғасуда. Мұның басты себептері — ажырасу мен екінші некемен тікелей байланысты.
Авазбек Жабборов ұзақ жылдар бойы Гүли Абдумаматовамен тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бірақ бұл отбасының некелері заңды түрде тіркелмеген. Отбасының некелері Ферғана қаласында өткен насихат шаралары кезінде ресми түрде тіркелді.
Дилбархон Шарипова Қырғызстан Республикасынан Алтыарық ауданына келін болып түскен. Жұбайы Мухаммаджон Хидировпен екеуі 30 жылдай шариғат неке бойынша жасап келеді. Баласыздығы олардың тату-тәтті отбасыларына кедергі бола алмады. Өзара сеніммен олар бір-біріне сүйіспеншілікпен қарайды. 30 жылдан кейін бала асырап алу үшін заңды түрде тіркелген неке туралы куәлік қажет. Акция барысында оларға неке қию туралы куәлік салтанатты түрде табыс етілді.
Ташлақтық Юлдузхон Ашурова 5 жылдан бері күйеуімен шариғат бойынша некемен бірге жасап келеді. Ташлақ ауданындағы үгіт-насихат шарасында олардың қуанышында шек болмады. Юлдузханның заңды некеге тіркелгенде өзін ең бақытты адам деп санады.
— Ер адамның қалай қабылдайтынын білмеймін, бірақ заңды неке әйел үшін өте маңызды, - дейді Юлдузхон Ашурова. – Өйткені ресми неке әйелге берілген толық сенім. Куәлікті қолыма алғанда бұл бір жапырақ қағаздың мен үшін “сенім жарлығы” болумен бірге қоғамның, өз отбасымның тең құқылы мүшесі болғанымды сезіндім.
Ажырасуға бел буған отбасылардың қатарында Санобархон Уктамова мен Отабек Юнусовтар да бар. Ташлақта өткен насихат-түсіндіру шарасы барысында олардың мәселелері қалың жұртшылықпен талқыланды. Ажырасуға себеп болған мәселелер үйреніліп, сарапталып, отбасы мүшелеріне тағы бір мүмкіндік берілді.
Бар болғаны сегіз ай өмір сүрген Отажон Турдиевтер отбасы материалдық және тұрмыстық мәселелерге байланысты ажырасу алдында тұр. Түсіндіру барысында өмір жолында кездесетін осындай жағдайлардан мысалдар келтіре отырып, өмірлік тәжірибесі бар үлгілі отбасылардың өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Отбасы мүшелері татуласып, өмірге мүлдем жаңа қадам жасады.
Алтыарық ауданына қарасты Тинчлик қалашығында өткен үгіт-насихат шарасына алдымен үлгілі отбасылардың өкілдері шақырылып, олардың өмірі жастарға үлгі ретінде көрсетілді.
Мамуржон Сайфиддинов ата Хосиятхон әжеймен бірге тұрғанына жарты ғасырдан асты. Адал ризықпен балаларын ел қатарына қосты. Олардың өмір жолы жастарға үлгі.
— Бір-бірімізді кемсітпей, өзара құрмет пен сыйластықты сақтай білдік, – деді Мамуржон Сайфуддинов ата. – Біз түрлі қаржылық жағдайға мән бермедік. Жаңадан үйленген кезде бізде бар болғаны 4 көрпе-төсек, бір сандық, азын-аулақ заттарымыз болған. Барына қанағат жасадық. Қалғанын адал маңдай терімізбен таптық. Ал қазір бізде бәрі бар: сыйластық, ілтипат, үй, көлік, балалар мен немерелер... 55 жылдық тату-тәтті өмір сүруіміздің сыры – өзара сыйластықта деп ойлаймын.
Облыста ұйымдастырылған насихат-түсіндіру шаралары барысында қоғамдағы ажырасуды азайту үшін некеге және оның құндылығына баса назар аудару қажет екені, өкінішке орай, қазір тек тойлар мен той алдындағы рәсімдерге ғана назар аударылатыны айтылды.
Мәлімет ретінде айта кету керек, АХАТ бөлімдерінде ұйымдастырылған насихат-түсіндіру шараларында ажырасудың алдында тұрған 46 отбасы татуласып үлгерген. Шариғат некелері негізінде өмір сүріп жатқан 124 жанұя заңды некеге тіркелген.
Элияржон Эхсонов,
МҚА Ферғана облыстық басқамасы
Қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс
секциясы жетекшісінің кеңесші.