Сырдарияда ДДСҰ сарапшыларының қатысуымен теориялық және практикалық семинар өтті

    11 июнь күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесшісі, Ұлыбританияның Ливерпуль университетінің клиникалық офтальмология саласы бойынша профессоры Саймон Хардинг басшылығындағы миссиясы Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығының Сырдария филиалына барды.

    Сапар аясында осы ғылыми-практикалық орталықтың Сырдария филиалы және сонымен қатар Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының жүйесіндегі аудандық, қалалық көпсалалы орталық емханалардың дәрігер офтальмологтары үшін « Жүйеде NCD профилактикасы және бақылаудан пайдалану мүмкіндіктерін жақсартуда алғашқы көмек» тақырыбында үш күндік практикалық және теориялық семинар ұйымдастырылды.

    Онда қант диабеті, оның жүрек-тамыр жүйесі, аяқ пен көздің асқынуын ерте анықтау және емдеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ көзде болатын диабеттік ретинопатияны жоюға бағытталған әлемнің көптеген озық елдерінде қолданылатын лазерлік терапия әдістері туралы айтылды.

    Сонымен қатар сырдариялық дәрігер офтальмологтардың да практикалық және теориялық білімдерін одан әрі шыңдау мақсатында, Сырдария қаласында тұратын диабеттік ретинопатия және оның асқынуларымен ауыратын және емделуді мұқтаж ететін науқастарды медициналық тексеруден өткізу ұйымдастырылды.

    Өткізілген медициналық тексеру барысында әрбір науқас, көз тамырларына байланысты болған проблемасы, “Шеберлік сабағы” негізінде Финляндияда шығарылған, алғаш рет Сырдария медицинасында қолданылып отырған «Smartscope PRO» сандық фотоаппаратының көмегімен терең зерттелді. Нәтижеге орай, диабеттік ретинопатия асқынулары осы мекемеге жуырда Үндістаннан әкелінген лазерлік хирургиялық құралдың көмегімен жойылды.

    — Мұндай тәжірибелер Ұлыбританияда ғана емес, әлемнің көптеген дамыған елдерінде қолданылуда, - дейді Ұлыбританиялық профессор Симон Хардинг. – Айта кетерлігі, бұл тәжірибе Өзбекстан Республикасында Сырдария облысында алғашқылардың бірі болып енгізіліп отыр. Диабеттік ретинопатия оның асқынуынан зардап шегетін, айналасын түрлі-түсті емес, бұлынғыр көретін науқастар үшін өте қолайлы, отадан соң айланасын анық және тынық көре бастайды.

    Сонымен қатар, өткізілген практикалық және теориялық семинар барысында диабеттік ретинопатия ауруы, оның асқынуларын мамандандырылған мекемелерге бармай-ақ, бастапқы жүйеде ұйымдастырылған скринингтік тексерулер кезінде анықтау үшін назар аудару қажет болған мәселелер туралы да айтылды.

    — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен диабеттік ретинопатия, оны ерте басқышта анықтау және емдеу боойынша Сырдарияда ұйымдастырылған практикалық-теориялық семинар, ойланып қарасақ, сырдариялық дәрігер офтальмологтар үшін өте пайдалы болды, — дейді Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығының Сырдария филиалының жоғары санатты дәрігер- офтальмологы Ұлықбек Каримов. – Диабеттік ретинопатия, оны диагностикалау мен емдеуде маңызды қадамдар жасағанымызбен, проблемаларымыз болды. Осының жауабын практикалық және теориялық семинар барысында таптық.

    Қуанарлық жайт, өткізілген практикалық-теориялық семинар соңында, ДДСҰ мен WWF банкі Гүлістан қаласы, Байауыт, Сардоба, Ақалтын аудандары және Республикалық мамандандырылған көз микрохирургиясы ғылыми-практикалық медициналық орталығының Сырдария филиалына «Smartscope PRO» сандық камерасын сыйға тартады. Бұл диабеттік ретинопатия ауруларын ерте басқышта диагностикалау мен емдеуде өте пайдалы.

    Ғулом Примов,

    Сырдария облысы,

    Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates