Өзбекстан Президенті Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитінің жалпы отырысына қатысты

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 12 қараша күні Баку қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптар конференциясының 29-сессиясы (COP29) аясындағы Әлем көшбасшылары саммитінің жалпы отырысында сөз сөйледі.

    Айтулы шараға 80-нен астам елден мемлекет және үкімет басшылары, беделді халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының жетекшілері қатысуда.

    Мемлекет басшысы сөзінің басында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевті осы тарихи саммитті сәтті ұйымдастыруымен құттықтап, Әзербайжанның қазіргі климаттық қауіп-қатерлерге қарсы күреске бағытталған халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша белсенді күш-жігерін қолдайтынын білдірді.

    Президентіміз айтқандай, климаттың өзгеруі қазіргі уақытта негізгі жаһандық қауіпке айналып, геосаяси шиеленістерді күшейтуге тікелей ықпал етуде.

    Кедейлікке қарсы күрес, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауызсу мен ресурстарды пайдалану мәселелері ушығуда.

    Климаттың өзгеру салдарын Орталық Азия аймағы айқын сезінуде.

    Бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және ұлттық даму стратегияларын іске асыруға кедергі болуда.

    Париж келісімдері шеңберінде негізгі мақсат – аймақта ауа температурасының күрт өсуіне жол бермеу, бұл көрсеткіштерді қазіргі жүз жылдықта 1,5-2 градус деңгейінде сақтап қалудан тұрады.

    Бұл тұрғыда Өзбекстанда көміртек бейтараптығына қол жеткізу бойынша кең көлемді реформалар жүзеге асырылуда. 2030 жылға дейін парниктік газдардың шығуын үштен бірге қысқарту жоспарланған. Бұл міндеттемелер 2050 жылға дейін кеңейтіледі, ал «жасыл» энергетика үлесі 40 пайызға дейін өседі.

    Электромобильдер мен «жасыл» сутегі өндірісі кластерлері құрылып, күн және жел энергиясы орталықтары құрылуда. «Жасыл мекен» бағдарламасы аясында көгалдандыру аумағы кеңейтілуде.

    Көрші елдермен бірге Аймақтық климат стратегиясы жүзеге асырылуда. Осы күндері Еуропаға «жасыл» энергия жеткізуді ұйымдастыру туралы көпжақты келісімге қол қойылады.

    Жаһандық климаттық өзгерістердің салдарын бірлесе жеңу мақсатында Өзбекстан басшысы бірқатар бастамалар ұсынды.

    Атап айтқанда, дамушы елдердің климаттық қауіптеріне сыни талдау жасау және қаржылық бағалау үшін жетекші мемлекеттердің, көпжақты институттардың және конвенциялардың техникалық және қаржылық көмегін кеңейту мақсатында Климатқа байланысты шығындар мен залалды бағалайтын халықаралық орталық құру ұсынылды.

    Қоршаған ортаның ластануына байланысты қауіп-қатерді азайту, тұрақты биологиялық әртүрлілікті қамтамасыз ету және трансшекаралық су ресурстары мәселелері бойынша ортақ тәсілдерді әзірлеу қажеттігін атап өткен ел басшысы БҰҰ аясында Өзен экожүйелерінің тұтастығы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер туралы Декларацияны дайындау бастамасын ұсынды.

    Сонымен қатар, Өзбекстанда өсімдіктердің климатқа төзімділігін арттыру үшін Генетик ресурстардың аймақтық банкін және теңізге шыға алмайтын елдерге арналған БҰҰ-ның инновациялық агроөнеркәсіп хабын құру ұсынылды.

    Климат өзгерістерінен зардап шегіп жатқан мегаполис және ірі қалалардың тұрақты дамуы мен өмір сүруге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибе мен білім алмасу, озық тәжірибелерді тарату мақсатында Әлемдік климат астаналары альянсын құру және оның алғашқы форумын Ташкентте өткізу ұсынылды.

    Мемлекет басшысы COP29 елдерінің өкілдерін келесі жылдың 15 мамырында – Халықаралық климат күні Арал өңірінде өтетін Сандық «жасыл» бастамалардың жаһандық фестиваліне қатысуға шақырды.

    Сөзінің соңында Президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның ортақ игілік пен ұзақ мерзімді «жасыл» даму жолында ашық диалог пен практикалық серіктестікке әрқашан дайын екенін атап өтті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates