Бұл сапар Өзбекстан мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл және стратегиялық серіктестіктің орнағанына 20 жыл толған шағында өтуде.
Кездесуде көп қырлы Өзбекстан мен Жапония ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
2019 жылғы желтоқсанда Токиоға жасалған жоғары деңгейдегі сапар елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайтудың жаңа кезеңі болып табылатыны және ынтымақтастықты нақты мазмұнмен байытқаны зор мақтанышпен атап өтілді.
Соңғы жылдары бірлескен кәсіпорындар мен жобалардың саны, соның ішінде Өзбекстанның энергетика және туризм инфрақұрылымын, жоғары технологиялық индустриясын дамытуға жетекші жапондық компаниялардың тікелей инвестицияларын тарту есебінен бірнеше есе өсті.
Жапонияның даму және ынтымақтастық институттарының қаржылық қолдауымен бірлескен бағдарламалардың портфелі 7 миллиард доллардан асты.
Екіжақты тауар айналымының көлемі ең алдымен жоғары сұранысқа ие өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа түрлерін жеткізу есебінен артып отыр.
Өзбекстанда бірлескен білім беру жобасы – Ташкент қаласындағы Цифрлық университет табысты жұмыс істеуде.
Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі жемісті диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Жапония Премьер-Министрі Фумио Кишидаға Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақыруын тағыда айтып өтті.
Тараптар «Орталық Азия + Жапония» форматындағы сындарлы өңірлік ынтымақтастықты, ең алдымен, экономикалық өзара тәуелділік, баламалы энергетика және экология салаларындағы нығайтуға мүдделілік танытты.
Сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяси Жапония үкіметінің Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар стратегиясын толық қолдайтынын баса айтты.
Сондай-ақ ол Өзбекстанның Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету және осы елдің экономикасын қалпына келтіруге ықпал ету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.