Өзбекстанда теңіз өнімдерін өсіруге болады

    Су шаруашылығы министрлігінде Жапонияның Ауыл, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы министрлігі Бюросының бас директоры Масаёши Мизуно басшылығындағы делегация мүшелерімен кездесу өтті.

    —Кездесуде Жапония мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың күннен-күнге дамып келе жатқанын және оның пайдасын көрудеміз, — деді Ш. Хамраев. – Күн шығар елмен су шаруашылығы саласындағы байланыстар кеңейіп келеді.

    «Аму-Бұхара ирригация жүйесін қайта қалпына келтіру» жобасының нәтижесінде Бұхара облысында 275 мың гектар және Науаи облысында 40 мың гектар жерді сумен қамтамасыз ету жақсарды. Жоба Азия даму банкі мен Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA-ның) несиелері есебінен жүзеге асырылды.

    JICA қаражаты есебінен «Қызылтепа-І сорғы станциясын қайта қалпына келтіру», «Аму-Бұхара-II сорғы станциясын қалпына келтіру» жобалары бойынша да үлкен жұмыстар атқарылды.

    — Біздің сапарымыздың мақсаты – үкімет пен министрліктер деңгейіндегі қарым-қатынасты, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы іскерлік байланысты нығайту», — деді М. Мизуно. — Азық-түлік өнімдерін өндіруде су ресурстарына тікелей байланысты. Жапонияның ирригация саласындағы технологиялары мен инновациялық әзірлемелері өзбекстандық сушылары үшін пайдалы. Сол себепті, алдағы уақытта бұл бойынша тығыз ынтымақтастық жасауға сенеміз.

    Өзбекстан-Жапон Азық-түлік өнеркәсібі форумын өткізу мақсатында елімізге келген қонақтар Бұхара қаласында да болып, облыс әкімдігінде, «Бұхара Агро» АЭА-да, Бұхара мемлекеттік университетінде кездесулер өткізді.

    Қонақтар Бұхара жағдайында ашық және жабық әуіздерде, тұщы және сор суларда балық пен креветка өндіру мәселелерін зерттегендерін айтты. Сор суды пайдаланып, Өзбекстанда да теңіз өнімдерін өсіру бойынша ұсыныстар жасалды.

    Барлық ұсыныстар жақсы қабылданып, қолдау көрсетілетіні айтылды. Қонақтарға арналарды бетондау, жерді лазерде тегістеу, суды үнемдейтін технологияларды енгізу, цифрландыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы жұмыстар жапондық қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

    Дилшод Улуғмуродов,

    «Янги Ўзбекистон» газетінің тілшісі.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates