Күн тәртібіндегі басты мәселе мемлекет басшысының бастамасымен ішкі базарда сұранысқа ие болған бірқатар азық-түлік өнімдеріне енгізілген жеңілдіктерді іс жүзіне асыру болды.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 мартындағы «Тұтыну базарында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты қосымша іс-шаралар туралы» ПФ-41-санды Жарлығына сәйкес, 36 түрлі азық-түлік тауарларының импортына 2024 жылға дейін ( тағы 2-уі – 2023 жыл 1 сентябрьге дейін ) кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесін енгізу туралы қаулы қабылданды.
Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов жиын қатысушыларына қарата, Өзбекстан Республикасы Президентінің баға тепе-теңдігін қамтамасыз ету және базарларды арзан азық-түлік өнімдерімен толтыру бойынша қабылданған жарлығының өзектілігі мен маңыздылығына тоқталды.
Президенттің бұл бастамасы жыл сайын 15-20 пайызды құрайтын жаһандық азық-түлік инфляциясына қатысты жан-жақты ойластырылған, тиімді жауап болуда. Атап айтқанда, өсімдік майы, сүт және ет бағасы соңғы 30 жыл ішінде, дән өнімдері мен шекердің соңғы 10 жыл ішінде рекордтық дәрежеде өсуі байқалды.
Жүргізілген талдауға сәйкес, нөлдік ставкалар енгізілгеннен кейінгі алғашқы 10 күн ішінде (яғни ағымдағы жылдың 4 апрель жағдайына) кедендік жеңілдік негізінде импорт жасалған 36 түрдегі тауарлардың 24 түрі бойынша көтерме бағаның төмендеуі байқалды. Әсіресе құрма – 16 пайыз, алма, беже және алмұрт – 42 пайыз, балық консервілері – 50 пайыз, минералды сулар – 40 пайыз, ақ шоколад немесе құрамында какао болмаған кәмпиттер – 24 пайыз арзандаған. Мамандардың айтуынша, бағаның төмендеуі бөлшек саудада да байқалады.
Президенттің жарлығында белгіленген міндеттерді тиімді жүзеге асыруға байланысты атқарылып жатқан шаралар айтылды. Атап айтқанда, ішкі базардағы бағалардың өзгеру динамикасын мониторинг жасау және оларды тұрақтандыру іс-шараларын әзірлеу бойынша жұмысшы топ құрылғаны атап өтілді, деп хабарлайды Сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі.