Интеграция мен кластерлер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспорт көлемін арттыруға көмектеседі

    Агросектор 14 Fevral 2022 3012

    Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеміс-көкөніс саласында өнімдерді өндіруді, қайта өңдеуді, сақтауды, экспорттауды интеграция жасау, көлемін арттыру маңызды рөл атқарады.

    Өзбекстан Ұлттық баспасөз орталығында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Бау-бақша және жылыжай шаруашылығын дамыту агенттігі «Өзбекстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді, сақтауды, экспорттауды интеграция жасау, экспорт көлемін арттыру» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.

    Шарада атап өтілгендей, Республикада жеміс-көкөніс саласында өнімдер өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қызмет көрсету және сату (экспорттау) үдерістерін өзара интеграциялау, кластерлер (кооперацияны) қызметін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорт көлемін ұлғайту мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 декабрьдегі «Жеміс-көкөніс саласын мемлекет тарапынан қолдап-қуаттау, салада кластер және кооперация жүйесін одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар туралы» қаулысы қабылданды.

    Осы қаулыға сәйкес:

    - фермерлік, диқан шаруашылықтарына және басқа да өнім өндірушілерге — жеміс-жидек, жүзім, көкөніс, картоп, бақша дақылдарын және дәрілік өсімдіктерді, бұршақ және майлы дақылдарды өсіргені үшін өнім құнының 50 пайызға дейін жылдық 14 пайыз (банк маржасының 2%-ын қоса алғанда) ставкада 6 айлық жеңілдетілген кезеңмен 12 ай мерзімге несиелер беріледі;

    -жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеушілерге, сақтаушыларға және экспорттаушыларға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға қажетті айналым қаражатын толықтыру үшін жылдық 14 пайыз ставкада (2 пайыз банк маржасы) 12 айлық «револьвер» несиесі бөлінеді. Бұдан тыс, осы несие есебінен кластерлер мен кооперативтердің коммерциялық банктерден алған басқа несиелерін осы несие есебінен сөндіруге жол қойылмайды.

    Осы шараларды қаржыландыру үшін Қаржы министрлігі тарапынан Өзбекстан Республикасының мемлекет бюджетінен Қорға 2 триллион сум бюджет ссудасы бөлінеді.

    Алғаш, баспасөз конференциясында, өткен қысқа уақыт ішінде Бау-бақша және жылыжай шаруашылығын дамыту агенттігінің аталмыш құжат туралы атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге «кластер-фермер-коммерциялық банк» жүйесінде үшжақты келісім жобасы жасалды. Елімізде 2022 жылда 25 мың гектар жаңа бау-бақша мен 50 мың гектар жүзімдік алқабын құру жобалары қалыптастырылып, 549 гектар бақ-жүзімдік алқабы құрылды.

    Сондай-ақ 13,2 мың гектар алқап көшет егуге дайын. Агенттік көкөніс өсіретін шаруашылықтардың сұранысын зерттеп, жылыжайларда 100 миллион түп экспортқа бағытталған көкөніс пен бақша дақылдарының көшеттерін өсіруде.

    Сондай-ақ, конференцияда Сұрхандария мен Ташкент облыстарында пленка астына картоп тұқымын егу жұмыстары басталғаны айтылды. Бүгінгі күнге дейін 199 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 26,6 мың тонна картоп тұқымына 173,4 миллиард сумдық, 197 фермерлік шаруашвлықтары 2,7 миллион дана көкөніс көшетін өсіруге 2,5 миллиард сумдық келісімшартқа отырды.

    Қазіргі уақытта Агенттіктің аймақтық бөлімшелері мен жобалық кеңселері келісімшарттар жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

    Сондай-ақ жеміс-көкөніс кластерлеріне (кооперацияларына) шетелден білікті агрономдарды, энтомологтарды, зертхана мамандарын тарту мақсатында 2022 жылдың 10-15 январында Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінде жеміс-көкөніс өсіруге арналған бау-бақшалар мен жүзімдіктерді құру, көкөніс, картоп, бақша, бұршақ және майлы дақылдарды өсіру мақсатында оқыту семинарларын өткізуге көмектесетін 250 консультант-тренер оқытылды.

    Ағымдағы жылдың 22-28 январында Ауыл шаруашылығы министрлігінде Агенттіктің қатысуымен жаңа жеміс-көкөніс кластерін құру бойынша аумақтардан 159 өтініш берушіден 64 болашағы зор жобаны анықтады. Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қораптау, кептіру, сақтау және өңдеу бойынша 132 кәсіпорынның тізімі қалыптастырылды. Оның ішінде 89 кептіру және өңдеу кәсіпорны (жылдық өндірістік қуаты 546 мың тонна) таңдап алынды.

    Мемлекет басшысының Сұрхандария облысына іссапары барысында берген тапсырмасына орай 500 гектар жерге зәйтүн плантацияларын құру белгіленгенген, Олтинсой ауданында бастапқы басқышта Түркия мемлекетінен әкелінген 66 мың зәйтүн көшеті отырғызу істері аяқталды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates