Мемлекет басшысы автокөлік кәсіпорнының қызметімен танысты

    Мемлекет басшысы Ташкент облысының «Зеңгіата» ауданындағы «Technologies of real time» Өзбекстан-Сингапур бірлескен кәсіпорнының қызметімен танысты.

    Автокөлік өндірісі Өзбекстан өнеркәсібіндегі ірі саланың бірі. Соңғы жылдары автомобиль өндірісі шамамен 3 есе өсті, ал биыл жылдың соңына дейін 460 мыңға жетеді деп күтілуде. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 1 миллионға жеткізу жоспарланған.

    Саладағы монополияны жою және бәсекелестікті дамыту мақсатында 2 жаңа жеке кәсіпорын мен беделді шетелдік брендтер тартылды. Бүгінде 20-дан астам зауытта ондаған түрлі автокөлік, жүк және жолаушылар тасымалдайтын көліктер өндірілуде.

    Сондықтан салада қосалқы бөлшектерге де сұраныс жоғары. Бұл бағытта 300-ден астам кәсіпорын біріккен кооперацияда жұмыс істейді. Ташкент облысындағы «Technologies of real time» солардың бірі.

    Президент 2019 жылы «Узэкспомарказда» өткен халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесінде осы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, қажетті нұсқаулар берген еді. Осыған сәйкес, жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорындағы 12 цехқа Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ-тан әкелінген жабдықтар орнатылды. Қазіргі уақытта 118 түрлі автокөліктің жүріс, трансмиссия және басқару жүйелері үшін 750-ден астам қосалқы бөлшектер шығарылуда.

    – Көп бөлшектердің жергіліктендірілуі қазірдің өзінде жақсы нәтиже беруде. Мамандар мықты болса, сапа да, экспорт та артады, – деді Президент.

    Осы жаңдайды ескере отырып, жауапты азаматтарға кәсіпорында қосалқы бөлшектер ассортиментін кеңейту туралы тапсырма берілді.

    Өнімдер тапсырыс негізінде Өзбекстан бойынша жеткізіледі. Мәселен, «Узавто Моторс» компаниясының Хорезм облысындағы зауытына «Дамас» және «Лабо» автокөліктері үшін 773 мың дана қосалқы бөлшектер жеткізілді.

    Тауарларды техникалық тексеру және сынақтардан өткізу үшін заманауи лаборатория ұйымдастырылған. Кәсіпорын өнімдері IATF 16949:2016, ISO 9001:2015, ISO 45001:2020, сондай-ақ «Дженерал Моторс» компаниясының BIOS халықаралық сапа сертификаттарына ие.

    Сондықтан, оларға шетелде де сұраныс бар. Мәселен, өткен жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Украина, Біріккен Араб Әмірліктеріне 3 миллион долларлық қосалқы бөлшектер жеткізілді. Биылғы жылдың тоғыз айында 2 миллион доллардан астам өнім экспортталды.

    Сондай-ақ, кәсіпорын Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай және Ресейде өтетін халықаралық көрмелерге қатысып келеді.

    Кәсіпорында 220 жұмыс орны құрылды. Қызметкерлер осы жердегі курстарда оқытылып, кейін жұмысқа қабылданады.

    Мемлекет басшысы зауыттағы өндіріс процесімен танысып, мамандармен сұхбаттасты. Кәсіпорын шоурумында дайын өнімдердің үлгілерімен танысты.

    Осы жерде алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді.

    Атап айтқанда, 2025 жылы 1,15 миллион долларлық инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде BYD, Chery, Changan, Geely, Dongfeng сияқты жаңа автомобиль брендтеріне қосалқы бөлшектер өндіру енгізіледі.

    Жобаның тиімділігінің арқасында 43 жаңа жұмыс орны ашылады, өндіріс қуаттары 180 мыңнан 280 мың данаға жетеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates