Президент наманғандық кәсіпкерлермен тілдесті

    Билік 3 Fevral 2023 6311

    Наманган қаласында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын талқылауға байланысты ашық диалог өтті.

    Кейінгі бес жылда Наманган облысында кәсіпорындар саны 15 мыңға артып, 32 мыңнан асты. Осы кезеңде жеке кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі 1,6 есе артып, 8,3 триллион сумға жетті. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш.

    - Елестетіп көріңіз, алты жыл бұрын дотацияда болған өңірде қазір қомақты кіріс бар, заманауи индустрия мен қуатты кәсіпкерлер қалыптасты. Қарапайым айтқанда, Наманған қаласы, артық айтқанымыз емес кәсіпкерлер өлкесіне, шағын және орта бизнестің орталығына айналды.

    Жиында, ең алдымен, кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне назар аударылды.

    Сараптамаға сәйкес, биылғы жылдың температураның салқындығынан республикадағы 3 мың аймақтық өнеркәсіптік кәсіпорынның өнімі төмендеген. Көптеген кәсіпкерлердің салықтық қарызы да артты.

    Сондықтан Президент экономикадағы шығынның орнын толтыру және бизнесті қолдау мақсатында арнайы шешімге қол қойғанын айтты. Оған сәйкес, суықтан зардап шеккен кәсіпкерлерге несие, салық, кедендік және басқа да төлемдер бойынша жеңілдіктер қарастырылған.

    Атап айтқанда, 2 мың шағын және орта кәсіпкердің қаңтар-наурыз айларында төленетін 4,7 триллион сумдық несие төлемдері 1 маусымға дейін ұзартылады. 29 мың кәсіпкерге 1 шілдеге дейін 2 триллион сум салық берешегін пайызсыз, қосымша кепілдіксіз және өсімпұлсыз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Өндіріс пен айналым қаражатын қалпына келтіру үшін қуаттылығы төмендеген 545 өнеркәсіп кәсіпорнына 8 триллион сум несие бөлінеді. Мемлекеттік мүлікті сатып алу және жалға беру төлемдері де қысқартылды. Өндірістік ғимараттардың әрбір жоғарғы қабаты үшін кәсіпкерлерге мүлік салығын төлеуде 10 пайыздық жеңілдік енгізіледі.

    Осынау қабылданған мүмкіндіктерді кәсіпкерлер қуанынпен қабылдады.

    – Наманган экономикасын дамуының арқасында биыл 500 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуда үлкен жоспарды көздедік. Бұл жоспарларға тек кәсіпкерлерге арқа сүйеп, оларды қолдау арқылы ғана қол жеткізуге болады, – деді Мемлекет басшысы.

    Ол үшін биыл облыста отбасылық кәсіпкерлікке 950 миллиард сум немесе екі есе көп жеңілдікті несие бөлінеді. Арнайы тоқыма аймағы құрылып, 15 индустриялық аймақтың инфрақұрылымына 75 миллиард сум бөлінеді. Сондай-ақ әр ауданда кемінде 2 шағын орталық жұмыс істей бастайды.

    Энергетика министрлігіне кәсіпкерлердің энергиямен қамтамасыз етілуін күнделікті бақылау және жүйелі түрде жеткізу міндеті жүктелді.

    Тұрғындарға диқаншылық шаруашылығына бөлінген 9,5 мың гектар алқапқа тауарлық азық-түлік өнімдерін өсіру керектігі айтылды.

    Қыз-келіншектерді әлеуметтік қолдау, жастарды жұмыспен қамту бойынша тапсырмалар берілді.

    Сұхбат барысында Президент кәсіпкерлердің тың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдады.