Тараптар ағымдағы ынтымақтастық пен 2023 жылға арналған жоспарларды талқылады.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда ФАО-ның қатысуымен ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша 18 ұлттық және 15 аймақтық жобалар жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығында несиелеу, лизинг, сақтандыру, субсидиялау сияқты жаңа қаржы құралдарын ілгерілету бірлескен істердің өзекті тақырыбына айналды. Тараптар сондай-ақ, жаһандық климаттық бастамалардан грант ресурстарын тарту бойынша ынтымақтастықтағы істерді жаластыруға келісті. Атап айтқанда, Бейімдеу қорының, Жасыл климаттық қордың және Жаһандық экологиялық қордың қатысуымен жаңа техникалық және гранттық көмек жобаларды іске қосу болашақ бағыт ретінде белгіленеді.
Азиз Воитов бүгінде Өзбекстанда әкімшілік реформа, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, осы орайда біздің еліміз тарапы Еуропа Одағы елдерінде азық-түлік жүйесі мен басқару әдістерін өзгерту бойынша Түркия, Жапония сияқты нәтижелі шетелдік тәжірибеден мүдделі екенін атап өтті.
Сондай-ақ тараптар Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев тарапынан Самарқантта өткен ШЫҰ Саммиті кезінде ұсынған Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаһандық конференцияны биыл Өзбекстанда өткізуге дайындық мәселелерін де талқылады. Конференцияға дайындық істерді үйлестіру үшін ФАО-мен бірлесіп жұмысшы топ құруға шешім қабылданды.
Кездесуге қатысушылар осы және тағы басқа да өзекті мәселелерді февраль айында Ташкентте болатын кездесу кезінде ФАО қамқорлығымен тұрақты түрде өтетін Орталық Азия елдері ауыл шаруашылығы министрлерінің келесі жиналысында талқылауға келісті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.