Азаптаулардың алдын алудағы халықаралық стандарттары зерттелуде

    19-21 июнь күндері Ташкент қаласында бас бостандығынан айыру орындарында азаптаулардың, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттер мен жазалаудың алдын алу бойынша халықаралық стандарттарға арналған тренинг өтуде.

    Оқу жаттығулары Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығымен, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Жазаларды орындау департаментімен, ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобаларының үйлестірушісі кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

    Бұл тренинг Ташкент қаласы мен Ташкент облысындағы қылмысты өтеу мекемелерінің өкілдері үшін өткізілуде. Оның негізгі мақсат – қылмысты өтеу мекемелері қызметкерлерінің тиісті құқықбұзушылықтарды анықтау және сотталғандарды азаптау мен қатыгездік көрсетуден қорғау бойынша білімі мен дағдыларын дамыту болып табылады.

    Қатысушылар бас бостандығынан айыру орындарында азаптаулар және тағы басқа да адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын мәміле немесе жаза түрлерінің алдын алудың халықаралық стандарттарын қарастырады. Сондай-ақ, азаптаулар туралы арыздарды құжаттандыру және қамау орындарында қатыгездіктің алдын алу бойынша медициналық қызметкерлердің борышы мен міндеттері және жауапкершілігі туралы тақырыптары талқыланады.

    Тренинг барысында ұлттық сарапшылар Өзбекстандағы азаптауларға қарсы күресте жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы да ақпарат береді. Елімізде адам құқықтары мен еркіндіктері саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау, соның ішінде азаптаулардың алдын алу және жою үшін қажетті ұйымдастыру-құқықтық жағдайларды жасау мақсатында жүйелі іс-шаралар дәйекті және кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының ұлттық орталықтың директоры Акмал Саидов: «Қатыгездік көрсету мен азаптауға тыйым салынуы — адам құқықтары саласындағы халықралақы келісімшарттарда да, бүкіл әлем елдерінің ұлттық заңдылықта да мойындалған негізгі құқық болып табылады. Жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Конституциясына сәйкес, ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын мәмілемен жазалауға болмайды».

    Өз кезегінде, ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобалары бойынша аға кеңесшісі Надя Яклаф-Лаллеман: «ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобаларын үйлестірушісі болашақта Азаптауға қарсы ұлттық превентивті механизімін дамытуын қолдау көрсетуді жалғастыруға; Азаптауға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасын ратификациялауға көмектесуге; адам құқықтарына мойысұну және азаптауға қарсы күресу үдерістерін мониторинг жасауға және Азаптаулардың алдын алу бойынша Ұлттық іс-әрекеттер жоспарын әзірлеуге көмектесуге дайын», - деді ол.

    Жаттығулардың интерактивті бөлімінде қатысушылар Нельсон Мандела қағидаларына негізделген іс жүзіндік зерттеулермен таныстырылды. Сондай-ақ, сотталғандардың әлеуметтік қорғауға мұқтаж санаттарын қорғау, қатыгездіктің алдын алу шараларын қарастыру сынды тақырыптар жан-жақты талқыланды.

    Бұл тренинг «Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін тұрақты дамуына көмектесу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

    Адам құқықтары бойынша

    Өзбекстан Республикасы

    Ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates