Мүгедектігі болған тұлғаларды жұмысқа орналастырудың құқықтық негіздері: Өзбекстан тәжірибесі

    Үстіміздегі жылдың 26 мартында Ташкентте дәл осындай тақырыпта дөңгелек үстел сұхбаты өтті. Шараны Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталығы Өзбекстан мүгедектер ұйымы мен Қырғызстанның «Бирдамлик» орталығымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

    Дөңгелек үстел сұхбатты Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы Спикерінің бірінші орынбасары, Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасы Ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов ашты.

    Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның тең құқылы мүшесі, — деді А.Саидов. Елімізде осы қағиданы бұлжытпай орындау бағытында дәйекті де жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мұнда Жаңа Өзбекстанда «Адамның абыройы мен ар-намысы үшін» қағидаты негізінде инклюзивті өркениетті, яғни тұрғындардың барлық буындары үшін тең құқық пен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформалар ерекше маңызға ие.

    Соңғы жылдары елімізде мүгедектігі болған тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету жолында бірқатар құқықтық және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жаңа редакциядағы Конституцияда алғаш рет мүгедектердің құқықтарына қатысты нормалар жеке баппен белгіленді.

    Сондай-ақ, «Мүгедектігі болған тұлғалардың құқықтары туралы» заң қабылданды. Өзбекстан БҰҰ-ның Мүгедектер құқығы туралы конвенцияға қосылды. Осыған орай, осы бағытта берік құқықтық база жасалды.

    Одан да маңыздысы, бүгінде дәйектілікпен орындалып жатқан «Өзбекстан – 2030» стратегиясында мүгедектігі болған тұлғаларды қолдаудың мүлдем жаңа жүйені жарату болашақтары ашып көрсетілген.

    Мүгедектігі болған тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы ой қозғағанда, бұл саладағы ұлттық институционалдық құрылым түбегейлі реформаланғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, Министрлер Кабинетінің жанынан Медициналық-әлеуметтік қызметті дамыту агенттігі, Мүгедектігі болған тұлғалардың істері жөніндегі кеңесеаралық кеңес құрылды. Өзбекстан Республикасы Президентінің жанынан Әлеуметтік қорғау бойынша ұлттық агенттік құрылды.

    Дөңгелек үстел сұхбатта ұлттық және шетелдік сарапшылардың баяндамалары тыңдалды. Сұхбаттар барысында маңызды бағалар мен іс жүзіндік ұсыныстар білдірілді.

    Шара соңында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесінің түрлі қырларын ашқан бірнеше жаңа басылымның тұсаукесері өткізілді.

    Ақпарат ретінде: Өзбекстанда 790 мыңнан астам мүгедектер ресми тіркелген, олардың 62%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұрады және 45%-ға жуығы әйелдер. Мүгедектердің 123, 900 мыңға жуығы 16 жасқа дейінгі балалар, 666, 300 мың астамы 16 жастан асқан жастар, 201, 700 мыңнан астамы зейнет жасындағы қарттар.

    Қазіргі таңда елімізде 300 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан еңбек етуге қабілетті. Олардың 100 мыңнан астамы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

    Адам құқықтары бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates