Атап өткендей, елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жаңа кезеңге шығаруға бағытталған «Өзбекстан-2030» стратегиясы қабылданып, осы стратегия аясында маңызды да өзекті бағыттар бойынша міндеттер белгіленді.
Талқылау барысында демократиялық реформаларды тереңдетуге және елді жаңғыртудағы саяси партиялардың рөлін күшейтуге қаратылған өкілдік органдарына сайлаудың аралас, яғни мажоритарлық және пропорционалды жүйесін енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ , жаңа редакциядағы Конститутцияда референдум мен сайлауға қатысты өзгерістер назарда тұтылғаны, сол себепті қолданыстағы сайлау туралы және референдум туралы заңдылықты жетілдіру қажет екені айтылды.
Қаралған Конституциялық Заңға сәйкес, Заң шығару палатасы сайлауы аралас (мажоритарлық, пропорционалды) сайлау жүйесі негізінде өткізіледі. Онда Заң шығару палатасының 75-ке жуық депутаты мажоритарлық сайлау жүйесі негізінде бір мандатты сайлау округтерінен, ал қалған 75-і пропорционалды сайлау жүйесі (партиялар тізімі) негізінде саяси партияларға берілген дауыстар бойынша біртұтас сайлау округтерінен сайланатындығы көзделген.
Тағы бір ең маңызды мәселе — саяси партиялардан депутаттыққа кандидаттар ұсыну кезінде әйелдердің санының ең төменгі мөлшері кандидаттардың жалпы санының отыз пайыздан қырық пайызға арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілуде.
Сонымен қатар сайлау комиссияларының қызметін жетілдіруге қаратылған өзгерістер мақұлданды. Атап айтқанда, Орталық сайлау комиссиясы тоғызға дейін мүше құрамына сайлануы, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы бес жыл мерзімге сайлануы, дәл сол тұлға қатарынан екі мерзімнен астамға Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы болып сайлана алмауы қатаң белгіленуде, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Сенаторлардың осы Конституциялық заңның қабылдануы парламент пен жергілікті өкілдік органдардың қызметінде саяси партиялардың рөлін одан әрі кеңейтуге, Заң шығару палатасы депутаттары корпусын қалыптастырудың мажоритар-пропорционалды формасына негізделген сайлау жүйесі енгізілуінің құқықтық негіздерін жасауға қызмет ететіні баса айтылды.
Қызу талқылаулардан кейін Заңды сенаторлар мақұлдады.