Сайлауларды бақылауда 50 елден 400-ге жуық адам, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі елдеріі ұйымы сияқты 21 халықаралық ұйымның 500-ге жуық , 26 шет мемлекеттің сайлау комиссияларынан 60 адам бақылайды, жалпы 1000-нан астам халықаралық және шетелдік байқаушылар қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттары және адам құқықтары бюросы Өзбекстанға сайлауды бақылау жөніндегі толыққанды үлкен Миссиясы, яғни негізгі топты, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жалпы 350 жуық бақылаушы қатысуы жоспарланған.
Мәжілісте Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестер сайлауларына халықаралық ұйымдардан қатысатын байқаушыларды аккредитациядан өткізу туралы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы қабылданды және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, ТМД Парламент Ассамблеясы, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы сияқты халықаралық ұйымдардан жіберілген бақылаушылардың бір бөлігі аккредитациядан өткізілді.
Қазіргі уақытта бақылаушыларды аккредитациялаудан өткізбек болған шетелдік және халықаралық ұйымдар өз елдерінде тұрып «E-Saylov» ақпарат жүйесіне енгізуі және белгіленген үлгідегі мәліметтерді электронды түрде кірітіп, көріп шығу үшін жіберілген мүмкіндікке ие болған.
Үдерістің тағы бір маңызды жақтарының бірі аккредитациядан өткен шетелдік бақылаушылардың мандаттары да жүйе арқылы автоматты түрде электронды формада мүлдем жаңа көріністе қалыптасады.
Сондай-ақ мәжілісте Орталық сайлау комиссиясы жанынан Жедел ақпарат беру орталығы — Call-орталығын құру және оның жарғысын бекіту туралы тиісті қаулы қабылданып, оларға реал уақыт режімінде құқықтық түсіндірулер мен кеңестер беріліп отырады.
«Call-орталықтың» негізгі міндеттері сайлау кампаниясы кезінде азаматтармен нақты уақыт режимінде диалогты жолға қою, халыққа сайлау комиссияларының қызметі, сайлау үдерісінің кезеңдері туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, азаматтардың сайлау және өтініш жасау құқықтарын сөзсіз жүзеге асыру, олардың сайлау заңдары мен сайлау үдерістері туралы хабардарлығын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасалады.