Саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өңіраралық байланыстар және мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Көшбасшылар Орталық Азияның мүдделерін ілгерілету және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар аясындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.
Одақтастық қарым-қатынастар туралы тарихи келісімге қол қою Өзбекстан-Тәжікстан қарым-қатынасындағы жаңа кезеңге сапалы көшу болып табылатыны атап өтілді.
Осы тұрғыда одақтастық қатынастардың әлеуетін жүзеге асыру барлық деңгейдегі диалогтардың тиімділігін арттыруды талап ететіні айтылды.
Айта кетерлігі, кейінгі жылдары сауда көлемі 40 есеге артқан. Бірлескен кәсіпорындар саны 15 есеге өсті.
Үкіметтерге тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін ұлғайту, соның ішінде өзара өнімді жеткізу номенклатурасын кеңейту, трансшекаралық сауда аймақтарын жедел іске қосу міндеті қойылды.
Сапар қарсаңында бизнес-форум сәтті өтті, оның соңында ынтымақтастықтың жаңа жобалары мен сауда келісімдерінің үлкен портфелі қалыптасты.
Олардың қатарында машина жасау, электротехника, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тоқыма және фармацевтика салаларындағы өзара тиімді жобалар бар.
Тараптар ынтымақтастық жобаларын жүзеге асырудың нақты жоспарларын да белгіледі. Осы мақсатта бірлескен инвестициялық компанияның әлеуеті пайдаланылады.
Мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Кино көрсетілімдері, концерттер, қойылымдар, көрмелер мен жастар форумдары тұрақты түрде өткізіліп тұратыны айтылды. Білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және қолжетімді туристік бағдарламаларды дамыту қажеттігі көрсетілді.
Мемлекет басшысы Президент Эмомали Рахманды өзіне ыңғайлы уақытта Өзбекстанға сапармен келуге шақырды.