Мемлекет басшысы Сырдария облысына барды

    Билік 6 Oktabr 2022 7108

    Президент Шавкат Мирзияев 6 қазанда ауыл шаруашылығының жай-күйі, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Сырдария облысына келді.

    Биыл облыста 75 мың гектар жерге мақта егілді. Қазір 80 мың гектарға жуық алқапқа астық егілуде.

    Мемлекет басшысы Сырдария ауданындағы «Арслон бобо» және «Омонбой угли Тугал» шаруа қожалықтарының егіс алқаптарын аралап көрді.

    «Арслон бобо» шаруа қожалығының жер көлемі 90 гектар болса, биыл 80 центнерден астық жиналды. Қазір мақта жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ картоп, маш, сәбіз, пияз сынды дақылдар қайта егіліп, қосымша өнім базарға шығарылуда.

    «Омонбой угли Тугал» шаруа қожалығы 62 гектар аймақ болып, мұнда астық өнімділігі 80 центнерді құрады. Мақтаның да өнімділігі керемет болуда.

    Бұл көршілес шаруашылықтарда жерді лазерлік техникамен тегістеу нәтижесінде бұрынғымен салыстырғанда су 30-40 пайызға үнемделіп, суару уақыты да қысқарған. Сорғылар күн батареялары арқылы жұмыс істейді. «Жасыл кеңістік» жобасы аясында егіс жиектеріне тұт, жүзім, қаражидек және басқа да көшеттер отырғызылған.

    Осы жерде Мемлекет басшысы Сырдариялық диқандар және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

    – Әділетті төреші болса, Сырдарияда өзгеріс бар деуге болады. Бірақ уақыттың тез өтіп жатқаны сонша, адамдардың ниеті біраз алда. Осыған сай жағдай жасап, халқымыздың сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа жоспарлар құруымыз керек. Біз бүгінде қадірменді Сырдария халқына алғыс айтумен қатар, нәтиженің тұрақты болуы, аудан мен халықтың бірлігі үшін қажетті бағыттарды айқындауға келдік.

    Диқандар ауыл шаруашылығында мүмкіндіктің кеңейгенін, қызығушылықтың артқанын, мәжбүрлі еңбек тоқтағанын, қосымша өнім өндіріліп жатқанын айтты.

    – Жер – халқымыздың ризық көзі. Кезінде мақта алқабынан бір гектар жер бөлу қылмыс болып, қайталап егін еккендер жауапқа тартылған. Міне қазір 80 мың гектар мақта, астық алқаптарын халыққа бердік, тағы да береміз. Олардан алынған өнімдер де халқымыздікі. Базарға өнім, отбасының табысы болады. Бүгінде республикадан келген басшылар мен әкімдер тағы 7500 гектар жер бөлінсе, Сырдария ауданында жұмыссыздықты жою туралы ұсыныс жасап жатыр. Мен оны әрине қолдадым, - деді Президент.

    Мемлекет басшысы мұндағы жас диқандармен де әңгімелесті. Олар аталған шаруашылықтардың егіс алқаптарынан 0,5 гектар жер алып, маш, сәбіз, пияз, сарымсақ еккенін айтты. Олар алған табысына университетте оқып, үй салуды жоспары бар екенін жеткізді.

    Мемлекет басшысы Сайхунабад ауданындағы «Шүкіршілік кереметі» шаруа қожалығында да болды.

    Шаруа қожалығының жалпы жер көлемі 70 гектарды құрайды. Биыл 25 гектар мақта, 45 гектар дәнді дақыл егілді. Еңбек өнімділігі жоғары, еңбекке сай.

    Осы жерде агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері және жауапты тұлғалармен диалог болды. Мемлекет басшысы жаңашылдық пен алуан түрліліктің арқасында өнімділікті арттыру, суды ұтымды пайдалану қажеттігін баса айтты.

    Президент шаруалардың, әсіресе, фермерлердің егіс алқабында көп уақыт өткізетініне назар аударды. Осыны ескере тұрып шаруа және оның отбасына, жұмысшыларға егіс алқабында шағын үйлер салуды ұсынды. Мұндай үйлерге электр жарығы тартылып, жалпы өмір сүруге барлық жағдай жасалуы керектігі айтылды.

    Мұндай үйлер маусымдық болмау керектігі, шаруаның төрт мезгілінде де шаруасы көп болса, қалаған кезінде аздап демалатын жер болуы керектігі атап өтілді. Шенеуніктерге мұндай үйлерді ұйымдастыруда не нәрсеге назар аудару керектігі, осы орайда шаруаларға төмен пайызбен несие бөлудің жолдары туралы тапсырмалар берілді.