Өзендер мен сайдағы суда ауыл шаруашылығының, энергетика, өмір сүрудің маңызды көзі болып табылады. Елімізде бұл құнды игілік сақталып, халық мүддесіне бағытталуда.
Осы мақсатта 2017 жылы Президент жарлығымен «Узбекгидроэнерго» АҚ құрылды. Өткен жылы бұл қоғамның басқаруына тағы 4 су қоймасы беріліп, олардың саны 6-ға жетті. Шетелдік компанияларды тарта отырып, әрбір су қоймасының техникалық жағдайы зерттеліп, шұғыл жөндеу шаралары белгіленді. Осыған орай, бөгеттер, су тарту және ағызатын құрылыстар жөнделіп, сорғы қондырғылары қалпына келтірілуде.
Мемлекет басшысы жаңғырту арқылы барлық су қоймаларының қауіпсіздігін арттыруды, гидромеханикалық жабдықтар мен өлшеу құралдарын жаңартуды, жүйені цифрландыруды тапсырды.
Бұл бүкіл бизнес үдерісін онлайн режимінде акционерлік қоғамның жағдайды талдау орталығына қосып, жылына қосымша 120 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Хисорак пен Ахангаран су қоймаларында қуаттылығы жылына 22 миллион киловатт сағат болатын 2 жаңа шағын су электр станциясы салынады.
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар агенттігіне су қоймаларының жағдайын бақылау және ғарыштық фотосуреттер, деректермен қамтамасыз ету тапсырылды.
Шағын су электр станцияларының құрылысына жеке секторды тарту, жоғары және орта білімді мамандарды даярлау міндеттері де айтылды.
Халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығының факторларының бірі – таза ауыз су. Бірақ бүгінде Сұрхандария халқының 58 пайызы ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Облыстың оңтүстік аудандары мен Термез қаласында судың минералдану мөлшері жоғары.
Сол себепті өткен жылы президент Топалаң су қоймасынан желі тарту туралы бастама көтерген болатын. Осы бойынша жоба әзірленіп, іске қосылды. Бүгінгі таңда Сариосиё орталығына 47 шақырым құбыр тартылып, ауыз су жеткізілді. Жыл соңына дейін Денау және Шүрчі аудандарына жеткізу жоспарлануда.
Жоба бойынша тәулігіне 200 мың текше метр су тазарту қондырғысы мен 400 шақырымға жуық магистральдық құбыр тартылады. Нәтижесінде облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету 90 пайызға жетеді.
Мемлекет басшысы ол үшін аудандар мен махаллалар ішіндегі құбырларды қалпына келтіріп, жаңа желілерді салып, сапалы қызмет көрсету қажеттігін айтты.