Бұл сала адам денсаулығы мен өмірін сақтаудағы «алтын сағат» аралығында алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызды буыны болып табылады. Соңғы бес жылда бұл бағыттардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен кадрлық әлеуетін жақсарту бағытында көп жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, 2224 жаңа жедел жәрдем көлігі сатып алынып, заманауи реанимациялық көліктер саны 24-тен 435-ке дейін өсті. Жедел жәрдем станциялары мен бригадаларының саны да ұлғайтылды. Сондай-ақ, бір қоңырауға дәрі-дәрмекке бөлінетін қаражат көлемі 16 есеге, дәрі-дәрмек түрлерінің саны 20-дан 45-ке дейін өсті.
Жедел медициналық көмек көрсету саласындағы төменгі буынға да көңіл бөлінді. Өңірлерде 21 ауданаралық жарақат алу мен жіті қан тамырлары ауруларының орталықтары құрылды. Соның салдарынан аудан, қала тұрғындарының облыс орталықтарына жүгінулері азайған.
Мәселен, бұрын «Қамшық» асуында жол апатынан ауыр жарақат алған науқастар Ташкент пен Намангандағы жедел жәрдем орталықтарына 100 шақырым жол жүріп келген. Қазір Ангрен қаласы мен Поп ауданында ашылған орталықтар халыққа көмектесуде.
Мәселен, өткен жылы жедел жәрдем бригадасының кешігіп келгеніне байланысты 50 мыңнан астам шағым түскен.
Мұның бір себебі – салада біртұтас басқару жүйесінің жоқтығы. Атап айтқанда, жедел жәрдем қызметкерін жұмысқа тағайындау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, көлік, жанар-жағармай және жүргізушілер мәселесі облыстағы түрлі басқармалардың құзырында. Басқарудағы осындай түсінбеушіліктен жедел медициналық көмек көрсету аудан аумағымен шектеліп отыр. Жедел жәрдем станциясы көрші ауданмен шектессе де, басқа аудан деген желеумен шақыртуларды қабылдамайды.
Жедел жәрдем көліктерінің көпшілігінде навигациялық жабдық жоқ екені, 10 мың көше әлі аталмаған және 500 мыңға жуық үй нөмірленбегендіктен мекенжайды табу көп уақытты алуда.
Жүйедегі ең үлкен мәселе – науқасқа шұғыл көмек жақын маңдағы медициналық мекемеде емес, тек алдын ала бекітілген бірқатар ауруханаларда ғана көрсетіледі.
Сондықтан жедел медициналық көмек пен жедел жәрдем көрсету жүйесін жетілдіру үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Жиында аталмыш бағдарламадағы негізгі жаңалықтар, оны жүзеге асыру бойынша міндеттер айтылды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай вертикалды басқару негізінде «103» Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы және оның облыстық филиалдары құрылады. Соның нәтижесінде, енді бір ауданда емес, бүкіл облыста Ташкент тәжірибесіне сүйене отырып, жедел медициналық көмек көрсетілетін болады.
Аудандарда қоңырауларды қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет жойылып, өңірлерде бірыңғай байланыс орталығы құрылады. Байланыс орталығындағы операторлармен бөлек дәрігерлік-консультациялық топ жұмыс істейді. Жедел жәрдем қызметі бар жеке емханалар да аймақтық байланыс орталықтарына қосыла алады.
Бұл тәжірибе алғашында Сырдария облысында Медициналық сақтандыру қоры арқылы ұйымдастырылып, кезең-кезеңімен барлық өңірлерге енгізілмек.
2022-2025 жылдары жедел жәрдем жүйесіндегі ескірген көліктердің барлығы заманауи көліктерге ауыстырылып, соның нәтижесінде шақыртуларға жету уақыты 3 есеге қысқаратыны айтылды.
Бүгінгі таңда 2695 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, 500-ден астамында дәрігер жетіспейді, сонымен қатар 6 мыңнан астам дәрігер штаттан тыс негізде жұмыс істейді.
Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес, шақыртулардың барлығында дәрігерлер болуы шарт емес. Сондықтан қазір қоңыраулардың күрделілігіне, өзектілігіне және түріне қарай сұрыптау жүйесі енгізіледі.
Тағы бір мәселе: бізде дәрігер, фельдшер және жүргізушіден тұратын жедел жәрдем бригадалары бар. Шетелдік тәжірибеде жедел жәрдем фельдшері бір мезеттің өзінде жүргізуші болып табылады.
Сондықтан жаңа оқу жылынан бастап фельдшер мамандығы бойынша білім алып жатқан жастарға көлік жүргізуді үйрету қолға алынбақ. Ол үшін медициналық колледждерге автомектептер қосылады.
Көрсетілген қызметті ем қабылдаған науқастың бағалауы арқылы жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін ынталандыру жүйесі енгізіледі. Әр тоқсанның қорытындысы бойынша жұмысы науқастар тарапынан жақсы бағаланған бригада қызметкерлеріне айлық жалақысының 50 пайызы көлемінде сыйақы беріледі.
Өзбекстанда мың адамға шаққандағы қоңыраулар саны 352-ні құрайды. Бұл дамыған елдермен салыстырғанда 6-7 есе көп. Ауылдар мен махаллаларда қарапайым медициналық қызметтердің жоқтығынан тұрғындар шұғыл көмекке жүгінуде.
Сондықтан махаллаларда медициналық пункттер ашу жөнінде тапсырма берілді.
Жедел жәрдем қызметкерлерін оқыту мен қайта даярлауға да көңіл бөлінді. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығы жүйесі құрамына енгізіліп, Кадрларды даярлау мектебі болып қайта құрылады. Түркия, Корея, Франция сияқты жедел жәрдем жүйесі дамыған елдердің мамандары әкелінеді.
Аудан деңгейінде жедел медициналық көмекті қамтуды кеңейту қажет екені айтылды.
Ол үшін бірінші кезекте барлық аудандық және қалалық ауруханаларда терапия, педиатрия және хирургия бағыттары бойынша қабаттасатын жоспарлы және жедел жәрдем бөлімдері біріктіріледі. Оларда тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем бөлмелері ашылады.
Осы міндеттерді жолға қойсақ, медицина саласын халыққа жақындатып, адам капиталын асқақтатуға тағы бір қадам алға тастаған боламыз», - деді Шавкат Мирзияев.
Отырыста облыс, аудан, қала әкімдеріне жедел медициналық және жедел жәрдем қызметін дамытудың өңірлік бағдарламаларын қабылдап, олардың орындалуын ұйымдастыру тапсырылды.