Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 22 мартында Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырыммен кездесті.

    Кездесу барысында Өзбекстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму болашақтары, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың маңызды жақтары талқыланды.

    Екі ел басшыларының тұрақты кездесулері мен сенімді қарым-қатынастары бойынша инвестициялық, сауда-экономикалық, транспорт-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Өзбекстан-Түркия ынтымақтастығы белсенді артқаны айтылды.

    Атап айтқанда, соңғы бес жылда екіжақты өзара тауар айналымының көлемі екі есеге өсіп, 3,5 миллиард долларға жеткені тілге тиек етілді. Жақын арада Өзбекстан-Түркия тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осы тұрғыдан, тараптар жеңілдетілген сауда туралы келісім жобасын бекітуде белсенді ынтымақтасьық жасап, құжатқа тез арада қол қоюды жоспарлап отыр.

    Инвестициялық серіктестік саласында да үлкен табыстарға қол жеткізілді.

    Соңғы үш жылда Түркияның Өзбекстан экономикасына салған инвестициясының көлемі екі есеге артқан және 2021 жылдың соңына қарай 1,2 миллиард долларды құрады. Түрік компанияларымен бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылды. Сонымен бірге, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін “Anadolu Group”, “Ekzachibashi”, “Medicana” және “Ajibadem” компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.

    Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы транспорт-логистикалық байланысты нығайту іс-шараларына ерекше назар аударылды. Жаңа, өзара тиімді логистикалық бағыттарды ашу, транзиттік үдерістерді жеңілдету және ұйымға мүше елдердің аумақтары арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту үшін бірлесіп жұмыс жасау қажет екені айтылды. Осыған байланысты түркі мемлекеттерінің 2026 жылға дейінгі кезеңде түркі мемлекеттердің транспорт және инфрақұрылымдық даму тұжырымдамасын әзірлеуді жеделдету және 2022-2023 жылдарға арналған осы саланы дамытудың жеке «Жол картасын» дайындау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың тағы бірқатар мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымы аясында қызмет көрсетіп жатқан Түрік инвестициялық қоры мен Даму банкін іске қосуды жеделдету, сауда саласын дамытуға мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелері негізінде түркі елдері арасындағы сауда қарым-қатынастарын дамытуға мамандандырылған инженерлік-технологиялық орталықтар құру бойынша ынтымақтастық жасау, сондай-ақ Жоғары оқу орындары арасында қарым-қатынасты жолға қою іс-шаралары қарастырылды.

    Бұдан тыс, түркі елдерінің өндірушілерін өнеркәсіптік кооперациясын нығайтуға және оларды біріккен кәсіпорындар, өнеркәсіптік көрмелер, халықаралық және аймақаралық бизнес-форумдарды ұйымдастыруға жұмылдыру мақсатында енгізілген «өнеркәсіп апталығы» сияқты бірқатар біріккен шараларды өткізу мәселелері талқылады.

    Кездесу соңында талқыланған жобалар мен бастамаларды ілгерілету үшін одан әрі іс жүзіндік ынтымақтастықтың жолдары белгіленді, сондай-ақ басқару және сарапшылық деңгейде тығыз байланыстарды сақтап қалу бойынша келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates