Қытайда зарядталмай 50 жыл жұмыс істей алатын ядролық батарея жасалды

    Ғылым 15 Yanvar 2024 2703

    Қытайлық Betavolt стартапы әлемдегі алғашқы миниатюралық ядролық батареяны ұсынды.

    15 х 15 х 5 мм (тиыннан кіші) өлшемдегі шағын-аккумулятордың құрамында никель-63 радиоактивті изотопы бар және 50 жыл барысында қайта зарядталмай және ешқандай техникалық қызмет көрсетуінсіз істей алады.

    Осы жаңалықтың авторлары мұндай аккумулятордың мүлдем қауіпсіз екенін, онда сыртқы нұрлану мүлдем жоқ екенін және батареяның қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін ондағы никель изотопы қоршаған ортаға қауіп тудырмай тұрақты және радиоактивті болмаған мыс изотопына айналатынын айтты, деп жазады ixbt.com.

    Бұл басқышта Betavolt ядролық батареясының қуаты 100 микроватты, ал кернеуі 3 вольт. Компания 2025 жылға дейін мұндай аккумулятордың қуатын 1 Вт-қа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Betavolt-тың айтуынша, бұл батарейка ұялы телефондарда (олар ешқашан қуатталмайды!), роботтарда, дрондарда, жасанды интеллектке ие кез келген жабдықтарда, медициналық құрылғыларда, түрлі мақсаттардағы сенсорлар және т.б. қолданылуы мүмкін. Компания өкілдерінің уәде беруінше, аккумулятор кенеттен қатты соққыға ұшыраған кезде де жанбайды және жарылмайды, оның жұмыс температурасының аралығы -60-тан 120 градусқа дейін сақталады.

    Ядролық батарея қазір сынақтан өтуде және болашақта сериялы өндіру мен коммерциялық өнімдерде пайдалануға дайын болады. Рас, нақты мерзімі де, бағасы да әлі жарияланған жоқ.

    Пайдаланушы бірнеше жыл ауыстыратын қарапайым смартфондары үшін 50 жылдық жұмыс циклі шамадан тыс екенін атап өткен жөн. Сонымен қоса толық қауіпсіздігі кепілденбегеніне қарамай, кейбіреу «қалталы ядролық реакторды» қалтасында алып жүруді қалайтыны әзірге белгісіз.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates