— Ойын қызықты өтті. Екінші тайымда біз ойынды өзгертуге қол жеткіздік. Сол қанаттан мүмкіндіктер жасадық. Ойын тізгінін өз қолымызға алуға тырыстық.

Ең алдымен, біз Өзбекстанды бүкіл әлемге жақсы қырынан таныту үшін осында келдік. Мен әрдайым командама ойын барысында белсенді қимылдау керектігін айтып келемін. Колумбия сияқты командаларға қарсы ойнау, допсыз қозғалу оңай емес. Жалпы алғанда, екінші таймда жақсы өнер көрсеттік, бірақ өкінішке қарай, гол жіберіп алдық.

Біз осы стадионда өткен ойынды есте сақтап қаламыз. Өйткені бұл тарихи матч. Біз Әлем чемпионатындамыз. Бүгінгі ойын біз үшін жақсы болды деп айта аламын. Қателіктер болды, олардың үстінде жұмыс істейміз.

— Футболшыларыммен мақтанамын. Олар жақсы ойнады. Бүгін қиын ойын болды. Мұндай стадионда, жанкүйерлер алдында ойнау оңай емес. Бірақ бұл сізге көбірек мотивация да беруі мүмкін, — деді ол.