Шавкат Мирзияев ауыл шаруашылығы саласы жөнінде жиын өткізді

    Билік 18 Oktabr 2022 7633

    18 қазанда Президент Шавкат Мирзияев ауыл шаруашылығы саласындағы жыл қорытындысы бойынша күтілетін нәтижелер мен алдағы жылға арналған міндеттерге арналған кеңес өткізді.

    Осыдан үш жыл бұрын Өзбекстанда ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып, үлкен реформалар басталған еді. Атап айтқанда, жеміс-жидек пен көкөніс экспорты 1,7 есе өсіп, 1,1 млрд долларды құрады. Астық өндірісінде нарықтық механизмдерге көшу нәтижесінде шаруалардың кірісі 2 есеге артты. Биыл халыққа жер үлестіру есебінен 1 млн тоннадан астам қосымша азық-түлік өнімдері өсірілді.

    Климаттың өзгеруі мен әлемдегі күрделі жағдайға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі басты мәселеге айналып отыр. Әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өседі деп күтілуде. Мұндай жағдайда ең алдымен халықтың сұранысын қанағаттандырып, экспорттық мүмкіндіктерді толық пайдалану қажет.

    Жиында Ауыл шаруашылығы министрі осы бағыттағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

    Мемлекет басшысы саладағы ағымдағы міндеттерге тоқталды.

    – Ауыл шаруашылығы мәселесін ерекше көңіл бөліп, жиі талқылап жүргеніміз тегін емес. Өйткені бұл экономикамыздың төрттен бір бөлігін құрайтын маңызды сала. Мұның негізінде халқымыздың әл-ауқаты, баға тұрақтылығы, жұмыс орындарының саны жатыр, – деді Шавкат Мирзияев.

    Ең алдымен жер-су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру мәселесі қарастырылды. Диқандарға топырақтың құрамын анықтау, тұқым таңдау, егінді суару, зиянкестерден қорғауға көмектесу керектігі сөз болды.

    Осы мақсатта 200 мың гектар жерді лазерлік тегістеу ұсынысы мақұлданды. Бұл ретте өнімділігі жоғарылаған аудандарға субсидия бөлініп, лазерлік тегістеу қондырғы сатып алған шаруалардың шығыны өтеледі.

    Шетелдік компаниялармен бірлесіп, өңірлерде су ресурстарын тиімді басқару жобаларын іске қосу міндеті қойылды.

    Ауыл шаруашылығы үшін жер мен су сияқты қажеттіліктің бірі қаражат. Шаруа қожалықтарының қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту, несие мен субсидия алуды жеңілдету керектігі айтылды.

    Тағы бір маңызды бағыт – жеміс-көкөністерді терең қайта өңдеу. Бірақ, әзірге бұл бағыттағы көрсеткіш төмен. Бау-бақша мен жүзім алқаптарының 20 пайызында көкөніс алқаптарының тек 7 пайызында интенсивті әдістер бар.

    Сондықтан тамақ өнеркәсібінде 2 163 жоба қалыптастырылған. Солардың нәтижесінде 25 түрлі азық-түлік тауарларының импорты қысқарып, экспортқа шығу мүмкіндігі ашылады. 37 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

    Мемлекет басшысы жеміс-жидек пен көкөністі тереңдете қайта өңдеу арқылы қосымша құнды оңай ғана 3-4 есеге арттыруға болатынын атап өтті. Осыған байланысты елдің бірнеше аудандарында мамандандырылған азық-түлік индустриалды парктерін ұйымдастыру туралы тапсырма берілді.

    Президент ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселесіне ерекше тоқталды.

    – Цифрландырусыз салада нақты статистика болмайды. Дұрыс ақпарат болмаса, агросервис дамымайды, диқандар қай кезде не егіп, көбірек табыс аларын білмейді. Сондықтан бұл үдерісті жеделдету керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Осы жылдың соңына дейін 3 жобаны, келесі жылы 4 жобаны аяқтап, жер есебін, субсидия бөлуді, егіс алқаптарының мониторингін толық цифрландыру міндеті қойылды.

    Жалпы, келер жылы бұл салада 600 мың жұмыс орнын ашып, экспортты 2 млрд долларға жеткізу міндеті қойылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates