Шавкат Мирзияев Өзбекстан Республикасының Президенті қызметіне кірісе салысымен мына мәселені баса айтқан болатын: халық мемлекеттік органдарға емес, бәлкім мемлекеттік органдар халқымызға қызмет етуі керек.
Содан кейін көп ұзамай, 2016 жылдың 28 желтоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы Президент Жарлығы қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес құрылған Өзбекистан Республикасы Президентінің Қоғамдық қабылдаулар мен виртуалды қабылдау алаңдары жауапты органдарды азаматтармен байланыстыратын жүйеге айналды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен көшпелі қабылдаулар арқылы көтерілген өзекті мәселелерді талдау да көптеген реформаларға алып келді. Мысалы, 4 жыл бұрын айына орташа есеппен валюта айырбастау, прописка, зейнетақы мен жәрдемақыға қолма-қол ақша алу мәселесі бойынша 100 мың өтініш келіп түскен. Осы салаларда жасалған ыңғайлылық пен мәселелерді жүйелі түрде шешудің арқасында оларға жүгінулер толығымен тоқтады.
Сот жүйесіне ашықтықты енгізу нәтижесінде, адамдардың жылдар бойы шешілмеген 250 мың шағым ы өз шешімін тапты.
Мемлекет басшысы адамдарды шағым түсіруге мәжбүр ететін проблемаларды сол мекеннің өзінде шешу қажеттігін айтты.
Осы мақсатта облыс, аудан мен қалалардың әкімдеріне аптасына екі күн азаматтарды қабылдауға, сондай-ақ әкімдіктерде күнделікті қабылдау жолға қойылатын болды.
- Әрбір әкімнің бөлмесінде «халық қабылдауы» болады. Кез-келген басшының қандай нәрселерге көңіл бөлу керектігі туралы стратегиясы болуы қажет», - деді Президент.
Тұрғындардың күндіз-түні тікелей өтініш беру үшін әкімдердің виртуалды қабылдауы және әлеуметтік желілердегі бөлек парақшаларын ашу тапсырмасы қойылды.
Осы жылдың 6 айында Халықтық қабылдауға жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мәселелері бойынша 100 мың өтініш толықтай әкімдік қолдауымен шешуге болатындығы айтылды.
Енді барлық өтініш-шағым бірыңғай электронды базада шоғырланып, ал Халықтық қабылдаулар әр тоқсан сайын мемлекеттік органдардың ашық рейтингін қалыптастыратын болады. Барлық министрліктер мен ведомстволар, әкімдіктерге өтініштерді тіркеу, оларды қарау және нәтижелерін бақылау үшін Бірыңғай онлайн-платформа құрылады. Ол арқылы мониторингті жүзеге асырылады, ай сайын Сенат пен Үкіметке талдамалық ақпарат беріліп, сыни пікірталас жүргізеді.
Сонымен қатар, Сенатта әр ширекте тұрғындардың өтініші бойынша көтерілген мәселелерді шешу жөнінде министрлік, ведомство мен облыс басшыларының есебін, ал ай сайын жергілікті әкімдіктер есебін жергілікті Кеңесте тыңдалатын болады.