Әндіжанды дамытудың жаңа белестері белгілі болды

    Билік 16 Fevral 2024 4821

    16 ақпанда Ханабад қаласында Президент Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Әндіжан облысының экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін талқылаған жиын өтті.

    Әндіжан облысында өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм және әлеуметтік салалар дамып келеді. Сонымен бірге әлі де пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер көп.

    Жиында осындай мүмкіндіктер көрсетіліп, оларды жүзеге асыру шаралары мен жауапты азаматтар айқындалды.

    Биылғы жылы Әндіжан қаласында 190 көпқабатты үй салынып, 7 мың отбасы жаңа үймен қамтамасыз етілетіні, Асака ауданында «Жаңа Өзбекстан» массивінің бой көтеретіні айтылды. Әндіжан, Асака және Шахрихан қалаларында урбанизация бағдарламасын жүзеге асырып, халқының саны 100 мыңнан асатын Асака мен Шахрихан қалаларын облыс құрамына беру туралы шешім қабылданды.

    Махаллаларды абаттандыру және көгалдандыру бойынша Әндіжан тәжірибесі жасалады. Оларды жеміс-көкөніс, мал шаруашылығы, қолөнер, шаруашылық, өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету салаларына терең мамандандыру бағдарламасы жүзеге асырылады. Осы мақсаттарға 850 миллиард сум несие ресурстары мен 50 миллиард сум субсидия бөлінеді.

    Көлік қызметін жақсарту мақсатында Ханабадтан Асакаға пойыз қатынауын жолға қою, Әндіжаннан елдің басқа қалаларына пойыз бен автобус қатынасын арттыру жоспарланды. Сондай-ақ шағын және микро су электр станцияларын салу, электр желілері мен жолдарды жөндеу бойынша тапсырмалар берілді.

    Облыста жұмыссыздық деңгейі 7 пайызға дейін төмендеген. Халықтың кәсіпкерліктен түскен табысы 1,5 есеге өскен. 225 мың тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

    Бірақ әлі де болса 400 мың адамды кедейшіліктен шығарып, жас түлектерді жұмыспен қамту керек. Осы мақсатта олар кәсіп-өнерге оқытылады, жеңілдетілген несиелер беріліп, кәсіпкерлікке тартылады. Қытай тәжірибесіне сүйене отырып, махаллалар шетінен жылыжайлар құрылып, мұқтаж отбасыларға бөліп беріледі. Жастар ақпараттық технологиялар мен шет тілдеріне қосымша оқытылады.

    Әндіжанда автомобиль өнеркәсібінде 12 ірі және 160-тан астам жергілікті кәсіпорындар бар. Оларда 17 мың адам жұмыс істейді. Оны одан әрі ұлғайту үшін кооперация негізінде махаллаларда қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдар өндірісі кеңейтілмек. «Булоқбошида» керамикалық плитка, «Мархамат», «Балиқчида» фарфор бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар құрылады.

    Облыста жіп өңдеу деңгейін 100 пайызға жеткізуге мүмкіндік бар екені айтылды. Биылғы жылы 150 миллион долларды құрайтын бояу және дайын киім шығару жобалары аяқталып, 6 мың жұмыс орны ашылады. Тоқыма кәсіпорындарына Италиядан дизайнерлер әкелінеді. Сондай-ақ, «Олтинкул» ауданында жиһаз шығаратын кешен құрылады.

    Күрделі құрамды препараттар мен медициналық бұйымдарды өндіру бойынша 7 жоба жүзеге асырылады. Жоғары оқу орнымен бірге фармацевтикалық кластер құрылады.

    Әндіжан облысы мен Қытай кәсіпкерлері арасында 3 миллиард долларға келісім жасалды. Оның 1 миллиард долларын биыл тартуға болады. Осы мақсатта Әндіжан ауданында 218 гектар жерде «Жібек жолы» еркін экономикалық аймағы құрылады. Инвесторларға еркін экономикалық аймақтар үшін белгіленген барлық салықтық және кедендік жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ, индустриялық аймақтардағы бос жерлерге 300 миллион доллардың жобалары орналастырылады.

    Шенеуніктер биылғы жылы 2,5 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартуды, 45 мың жұмыс орнын ашуды және 1 миллиард долларды экспорттауды жоспарлап отыр.

    Заманауи қонақүйлер мен туристік орталықтар салу арқылы 20 мың адамды жұмыспен қамтуға болатыны айтылды.

    Ауыл шаруашылығындағы басты міндет өнімділікті арттыру, экспортты ұлғайту және индустрияландыру болмақ. Осы мақсатта мақта мақта өсіруде өнімділігі 80 центнерге дейін өнім беретін, талшық шығымы 45 пайызға дейін жететін Қытай сорты егіледі. 10 мың гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілсе, тағы 20 мың гектар жер лазермен тегістелмек. «Туямуйин», «Миян», «Чинободсой», «Қадим», «Қатортол», «Пахтаабад» каналдары бетондалады.

    Отбасылық бизнес аясында жеміс-көкөніс өсіруге 100 миллион сумға дейін кепілсіз несие, құрал-жабдық сатып алуға субсидия, сондай-ақ табысы көп дақылдар тұқымы мен көшеттері құнының 30 пайызы беріледі.

    Азық-түлік өнеркәсібіне шетелдік брендтер тартылады. Әндіжан ауданында ірі агрологиялық орталық салынады. Өзендер мен арықтар, олардың айналасы кәсіпкерлерге жалға беріліп, құс, балық өсіру қолға алынады. «Мархаматтағы» піллә кластері Әндіжанның барлық аудандарына үлгі болды. Жол жиектері, егістіктер, бау-бақша және жүзім жиектеріне 20 миллион тұт ағашы отырғызылады.

    Әлеуметтік саланы саралай келе, ең алдымен мектептегі білім сапасын арттыруға көңіл бөлінді. Осы мақсатта 10-11 сынып оқушыларына нақты, жаратылыстану және шет тілі пәндерінің бірін тереңдетіп оқуға немесе жұмысшы және IT мамандықтары бойынша оқуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін мектептерде шеберхана ұйымдастырылып, кәсіпкерлер практикалық сабақтар өткізеді.

    Асака агротехнологиялық техникумы мен Әндіжан ауылшаруашылық институты арасында «2+2» бағдарламасы енгізіледі. Әндіжан экономика және құрылыс институтында басқару және оқыту әдістемесі жаңартылады.

    Облыстық ауруханаларды дамыту арқылы кардио, эндо және микрохирургия саласындағы медициналық қызмет экспортын екі есеге арттыруға болатыны айтылды. Әндіжан қаласында бір-біріне жақын орналасқан 8 аурухананы кластерлік әдіспен біріктіру, Медицина институтының емханасы негізінде көпсалалы медициналық орталық құру туралы ұсыныстар айтылды.

    Президент бүгінгі кездесудің ұлы ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың туған күніне орай өтіп жатқанына назар аударып, әндіжандықтарды құттықтады. Әндіжан қаласындағы Бабыр атындағы мәдени-демалыс саябағы жаңа концептуалды тұжырымдама негізінде қайта салынатыны белгілі болды.

    Мемлекет басшысы Әндіжан қаласындағы өнер мектебіне өзбек ән өнеріне теңдессіз үлес қосқан, Өзбекстан мен Тәжікстанның халық әртісі Шерәлі Жораевтың есімін беруді ұсынды. Ол музыка және өнер колледжіне айналып, грант негізінде жаңа талант иелері білім алады.

    Жиында Мемлекет басшысы Премьер-Министр орынбасарлары, министрлер, әкімдер мен кәсіпкерлердің ұсыныстары және бастамалары тыңдады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates