Президент экологиялық жағдайды жақсарту жайлы жиын өткізді

    Билік 2 Fevral 2022 7187

    Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 2 ақпанда қалдықтарды өңдеу жүйесі мен экологиялық жағдайды жақсартудың өзекті міндеттері, «Жасыл кеңістік» ұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған бейнеконференциялы жиын өтті.

    Жиын басында Мемлекет басшысы халыққа үндеу жолдады:

    – Жас кезімізден күә боп өстік, ата-анамыз ауланы, айналаны таза ұстау керек деп айтатынын. Халқымыз қашаннан жерді, суды, табиғатты киелі санаған. «Бірін кессең, онын ек» деген дана сөз текке айтылмаған. Ағаш еккен адамға сауап жазылады дейді. Отбасында бала дүниеге келгенде оның атына көшет отырғызылған.

    Әлемде өнеркәсібі жоғары дамыған 21 ғасырда экология мәселелері күн тәртібінде бірінші кезекте тұр. Біздің ұрпақтарымыз бізден кейін де лайықты табиғи ортада өмір сүруі керек. Ол үшін табиғатқа көңіл бөліп, бүгінгі күнді ғана емес, жақын және алыс болашақты да ойлауымыз қажет.

    Ең маңызды мәселе – халықтың экологиялық сауатын арттыру. Бүгін көшеге немесе кез келген жерге қараңыз. Қайда қарасаң да адамдар тастаған қоқыстарды көресің. Біз туған жерімізді киелі деп атаймыз. Неге оны таза ұстамаймыз? Өйткені, қасиетті кітаптарымызда да «Тазалық – иманнан» делінген.

    Бұқаралық ақпарат құралдары мен аудан белсенділері осы мәселеге жөнінде неге шуламайды? Қайда кеткен қариялар, қоғамдастығымыз қайда?

    Әрине, мұндай мәселелерді тек әкімшілік жолмен шешу мүмкін емес. Бұған өскелең ұрпақтың жүрегіне Табиғат-Анаға деген сүйіспеншілік сезімін ұялату арқылы қол жеткізуге болады. Көшеге қоқыс лақтырған біреуді көрсек, «бұл дұрыс емес» дейтін орта құруымыз, азаматтарды соған үйретуіміз керек. Бұл бәріміздің еңбегіміз бен адамдық парызымыз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Талдаулар көрсеткендей, барлық дерлік елдерде қатты тұрмыстық қалдықтардың мөлшері жыл сайын жан басына шаққанда 1%-ға өсіп отыруда. Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік өсудің арқасында бұл көрсеткіш жылына 2 пайызға өсіп, 7 миллион тоннаға жетті.

    Бірақ оларды жинау, сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату жағдайы көңіл көншітпейді. Мысалы, Қарақалпақстанда қалдықтардың 10 пайызы ғана, ал Ферғана мен Қашқадарияда 20 пайызы ғана қайта өңделеді. 781 махаллада қалдықтарды шығару мәселесі шешілмеген. Бұл саладағы қызметке халықтың да қарызы көп. Медициналық, білім беру мекемелері мен базарларға 19 мың қоқыс контейнері қажет.

    Құрылыс қалдықтары полигондары құрылмаған және жолдарға, егістіктерге немесе өзендерге төгіледі. Өткен жылы 4 мың жағдайда құрылыс қалдықтарының дұрыс емес жерге төгілгені анықталды.

    Сол сияқты, маңайлардағы, массивтер мен аллеялардағы жапырақ пен ағаш бұтақтарын алумен айналысатын шенеунік жоқ. Мұның бәрі мәселені бір-біріне сілтеуден шығуда. Медициналық қалдықтарды сақтау, тасымалдау және кәдеге жаратудың бірыңғай жүйесі жоқ.

    Жалпы, еліміздегі 197 қалдық полигонының бірде-біреуі санитарлық-экологиялық талаптарға сай емес, 24-і қазіргі уақытта толы.

    Бүгінгі жиында, экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитеті мен облыс әкімдеріне полигондарды ретке келтіру және олардың қорларын көму тапсырылды. Мұндай полигондарды құру және жабу туралы заң жобасын әзірлеудің маңыздылығы айтылды.

    Тұрмыстық қалдықтарды жинаумен қамтуды 95 пайызға, қайта өңдеу көлемін 40 пайызға-ға жеткізу мақсатымен оған үшін мүмкіндік жасалған. Атап айтқанда, енді импортталатын құрал-жабдықтар, жинақтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектер 3 жыл мерзімге кедендік баж салығынан босатылды. Сұрыптау және өңдеу жабдықтарын сатып алуға 5 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті несиелер бөлініп, қайта қаржыландыру ставкасының асып кетуі өтеледі. Бұл жұмыстарға халықаралық қаржы институттарының жеңілдетілген қаражаты есебінен 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен 500 миллиард сум бөлінетін болады.

    Жиын барысында, осы саладағы кәсіпкерлерді қолдау қажеттігі айтылды. Өңдеу қуаттылығы бар кластерлер үшін жер, мүлік және әлеуметтік салық ставкалары 1 пайыз деңгейінде белгіленді. Өз кезегінде олар өз аймағындағы қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін кем дегенде 40 пайызға арттыру талабы енгізілді.

    Осындай кәсіпорындарды аудан-қалаларда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құру, өңірлерге 500 арнайы көлік әкелу, әлеуметтік мекемелер мен базарларға қосымша контейнерлер орнату жөнінде тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар, Ташкенттегі «Махсустранс» кәсіпорны мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктегі кәсіпорынға айналады. Шетелдік тәжірибе негізінде тұрмыстық қалдықтарды жинаудың жаңа жүйесі енгізіледі.

    Органикалық, құрылыс және медициналық қалдықтарды кәдеге жаратудың қауіпсіз жүйесін құру қажеттілігі атап өтілді.

    – Бұл саланы жыл сайын абаттандыру керек, өйткені жыл өткен сайын жаңа мәселелер туындайды, – деді Шавкат Мирзияев.

    2021 жылдың қараша айында жалпыұлттық «Жасыл кеңістік» жобасы жарияланып, 200 миллион көшет отырғызу жоспарланғаны белгілі. Сәйкесінше, күзде 85 миллион көшет отырғызылды. Бұл игі іске көптеген ұйымдар, аудандар мен жалпы жұртшылық белсенділік танытты. Биылғы көктемде 125 миллион ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

    – «Жасыл кеңістік» ұлттық жобасы бір жылдық шара емес. Оның аясында алдағы бес жылда 1 миллиард ағаш көшеттерін отырғызуды мақсат етіп отырмыз. Бұл жалпыхалықтық қозғалыстың нәтижесін әр ауданда көріп, осындай сауабы мол істерді құлшыныспен атқару керек, – деді Мемлекет басшысы.

    1 наурыздан бастап «Жасыл жыл» жалпыұлттық іс-шарасының басталғаны жарияланды. Әр өңірдің климатына қолайлы, суды аз қажет ететін көшеттерді таңдап, оларды өсіру үшін питомниктерді көбейту қажет екендігі сөз болды. Орман шаруашылығы мемлекеттік комитетіне 10 миллион дана жеміс-жидек және сәндік ағаш көшеттерін халыққа тегін тарату, автомобиль жолдары комитетіне халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың бойында қорғаныш ағаштарын егу тапсырылды.

    Құзырлы органдарға барлық аудан мен қалаларды қамтитын «мобильдік экопатрульдерді» іске қосу тапсырылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates