Инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау бойынша банктердің қызметі қаралды

    Билік 29 May 2024 2032

    29 мамырда Президент Шавкат Мирзиёев «Асакабанк» пен Бизнесті дамыту банкінің инвестициялық қызметі және шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тұсаукесерімен танысты.

    Өзбекстанда инвестициялық үдерістер белсенді жүріп жатыр, экономикалық жобалар да көп. Тиісінше, бұл процеске банктердің қатысуы артып, инвестициялық белсенділік кеңейіп келеді.

    Тұсаукесерде «Асакабанк» пен Бизнесті дамыту банкінің биылғы жылға арналған жоспарлары қарастырылды.

    Атап айтқанда, «Асакабанк» биылғы жобаларға 2,1 миллиард доллар тартып, оны толық игеруді мақсат еткен. Сонымен қатар, фармацевтика және автомобиль өнеркәсібінде жалпы құны 3 миллиард долларды құрайтын жобалар қалыптасқан.

    Сондай-ақ «Асакабанк» қатысуымен 285 мың тұрғынның бизнес-бастамаларына қолдау көрсету көзделген.

    Бизнесті дамыту банкінің тұсаукесеріне сәйкес, 2024 жылы кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды қолдауға жалпы сомасы 1,5 млрд доллар тартылады. Оның 225 миллион доллары халықаралық қаржы институттарынан әкелінбек. Осы қаражат есебінен жыл соңына дейін 47 мыңнан астам шағын жоба жүзеге асырылмақ.

    Сондай-ақ халықтың бизнес-идеяларын қаржыландыру арқылы 380 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкерлердің қызметін бастау жоспарланған. Банктің оқу бағдарламасы арқылы 70 мыңнан астам азаматты қамту көзделген.

    Өзбекстанның белсенді сыртқы саясатының нәтижесінде серіктес елдер, халықаралық ұйымдармен көптеген келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, «Асакабанк» қатысуымен 772 миллион долларды құрайтын 87 инвестициялық жоба, Бизнесті дамыту банкімен 485 миллион доллардың 45 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.

    Тұсаукесерде осы маңызды жобалардың барысы туралы да ақпарат берілді.

    Мемлекет басшысы банктер барлық клиенттерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, жобаның әр кезеңінде оларға қолдау көрсету қажеттігін, оның нәтижесі жаңа жұмыс орындарының ашылуы және елді мекендердегі кедейлік деңгейінің азаюында көрініс табуы керектігін атап өтті.

    Банктер өз жұмысын жаңаша ұйымдастырып, тек несие беретін орталық емес, бәлкім келешегі зор жобаларды жүзеге асыратын және оларды кәсіпкерлерге дайын бизнес ретінде ұсынатын заманауи инвестициялық-коммерциялық құрылымға айналуы керектігі айтылды.

    Сондай-ақ, тұсаукесерде шағын және орта бизнесті қолдау процестерін цифрландыру және олардың ашықтығын одан әрі арттыру, заманауи бағдарламалық шешімдер мен инновацияларды енгізу мәселелері талқыланды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates