Сапар аясында ғалымдар, мамандар, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері үшін “Ауыл шаруашылығында шаруашылық пен құс өсірудегі азықтандырудың инновациялық әдістері” тақырыбында практикалық семинар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Сұрхандария және Наманган облыстарындағы инновациялық тұрғыдан дамып келе жатқан Достық, Сырдария, Нишан және Алтынсай аудандарына барып, инновациялық технологияларды енгізу, инвестиция жасау бойынша өзара мүдделі келісімдер мен бітімдердің қол қойылуы күтілуде.
Мәлімет ретінде айтар болсақ: “AGROFEED” компаниясы (Венгрия) құс өсіру, мал шаруашылығы, қоян өсіру және балық шаруашылығы үшін дәруменге бай және минералды премикстерді өндіретін атақты компания саналады. Компания Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың 20-дан астам мемлекет базарларына өз өнімдерімен қатысады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының басқа салаларын дамыту бойынша үздік компаниялардың бірі саналады.
— Жақында мемлекетіміз басшысы тарапынан өткізілген селектор жиналысында Өзбекстанда құс өсіруді дамыту, оның азықтық базасын кеңейту бойынша бірқатар мәселелер қойылды. Солардың бірі — Өзбекстанда құс өсіруді Венгрия тәжірибесінде үйрену, Венгриядағы құстарды Өзбекстанға әкеліп, климатқа бейімдеп кеңейту бойынша да тапсырма берілді. Осы тапсырма шеңберіндегі шарамыз құстарды, кросстарды жетістіретін компаниялармен ынтымақтастықта ұйымдастырылуда. «Babolna Tetra Kft» компаниясы әлемде құс өсірумен айналысатын және елімізде "Венгерка" деген атпен 50 жылдан бері өнеркәсібімізге кіріп келген құсты жеткізіп беретін компания саналады. Олардың өкілдері Венгерка тетра кроссын әкелу, оларды климатқа бейімдеу және Өзбекстанда бұл өнеркәсіпті одан әрі дамыту үшін келді, — дейді, Инновациялық даму министрлігінің маманы А.Далиев. — Елімізге премикстер толық шетелден әкелінеді. Біз венгриялық серістестермен аталған өнімді Өзбекстанда өндіру бойынша келіссөздер жүргізудеміз.
Ынтымақтастарымыз осы күндерде Ташкент облысындағы бірнеше құс өсіруге, мал шаруашылығына арналған кәсіпорындарында болып, мамандарға өз кеңестерін береді. Алдағы уақытта Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Сұрхандария және Наманган облыстарында болып, ол жерде де кәсіпорындармен келешектегі істерді белгілейміз.
Шараға Ресейдің «БИОТРОФ» компаниясының өкілдері де қатысты. Олар ғылыми өндірістік компания саналып, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс өсіру және қоян өсіру бағыттарындағы ветеринариялық және азықтық базаны өндіру тәжірибесімен бөлісті.
Бұған қызыққан фермерлік шаруашылықтар, диқан шаруашылықтары, ауылшаруашылық кәсіпорындары және азықтық жем өндіретін кәсіпкерлік субъектілерімен келісімдер жасалынуда. Атап айтар болсақ, Ташкент облысының Қыбырай ауданында осындай өндірістерді ұйымдастыру, Сұрхандария облысының Байсын, Алтынсай аудандары, Қашқадария облысының Нишан ауданы, Шаҳрисабз қаласында, Жызақ облысының Достық ауданында, Сырдария облысының Сырдария аудандарында шағын 1 сағатта 1 тонна азықтық жем өндіретін қондырғыларды орнатуға және олардың қызметін біргелікте ұйымдастыруға келісілген.
Шара соңында бірқатар ғылыми-зерттеу институттары, әсіресе, Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Ғылым академиясының Зоология институты, Микробиология институттары және аталған компаниялар арасында меморандумдар жасалды. Атап айтқанда, Самарқант ветеринария медицинасы институты және Ресейдің «БИОТРОФ» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум келісімшарттарына қол қойылды.
Арухан АҚПАНБЕТОВА,
«Нұрлы жол» газетінің тілшісі.