Мемлекеттік кеңселерінің ашықтығы бойынша алғаш рет Орталық Азия елдерінің форумы өтті

    Үстіміздегі жылдың 17 майда Бұхара қаласында алғаш рет Мемлекеттік кеңселердің қызметінің ашықтығы бойынша Орталық Азия елдерінің форумы өтті.

    Оған Олий Мажлис Сенатының депутаттары, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік кеңсе қызметкерлерінің ашықтығын қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің өкілдері, халықаралық сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

    Форум қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызды болған мәселе – мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде озық тәжірибені үйрену, бар проблемаларды талдау және бұл үдерісте шешуші маңызды қаулыларды қабылдау үшін тиімді сұхбат алаңы міндетін өтеді.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық кеңесінің төрайымы Танзила Нарбаева форум қатысушыларына жолдаған бейнеүндеуінде әлемнің барлық елдері үшін бірдей өзекті болған проблема — сыбайлас жемқорлыққа қарсы індетке күресуде кез келген үкімет пен қоғам одан түбегейлі шын ықыласы мен ынтасы болса ғана және ең бастысы, бұл жөнінде өз халқы үшін ашық болған жағдайда ғана елеулі нәтижелерге қол жеткізуге болатынын атап өтті.

    – Міне осы факторларды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қатаң ымырасыз мемлекеттік саясаттың нәтижесінде соңғы 5-6 жылда бұл індеттің алдын алу және онымен күресу бағытында кешенді ұйымдастыру және құқықтық шаралар атқарылуда. Бірқатар нормативтік құқықтық құжаттар мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама қабылданды. —Сенат тарапынан мақұлданған Қылмыс кодексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді белгілейтін заңды дәл осы міндеттердің атқарылуына бағытталған адым ретінде келтіруімізге болады. Әрине мұндай маңызды құжаттарды іс жүзіне нәтижелі енгізу үдерісі парламенттің алдына жауапты міндеттерді қояды деп, айтты Сенат Төрайымы.

    Форум барысында, сондай-ақ Франция, Германия, Словения, Аргентина сияқты елдердің халықаралық сарапшылары да мемлекеттік органдары қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелерімен және озық практикаларымен бөліседі.

    Форумда Сенаттың Ақпараттық саясат және мемлекеттік органдардағы ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитеті төрағасының орынбасары Ф.Бокиев Өзбекстандағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

    Атап айтқанда, елімізде баспасөз бостандығын, ашықтық пен жариялылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін қолдап-қуаттау, ақпарат саласын реформалау бойынша жүйелі істер жүзеге асырылды.

    Бүгінде республикада 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді, соңғы 6 жылда ұлттық ақпараттық кеңістіктегі интернет-басылымдардың саны екі есеге жуық өсті. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ресми сайттарында «Ашық ақпарат» парақшасы ашылып, әлеуметтік маңызды ақпараттың 35 түрін жүйелі түрде жариялау тәжірибесі енгізілді.

    Сонымен бірге, мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық пен мүдделер қақтығысының алдын алу, мүдделер қақтығысы туралы хабарлар беру, мұндай ақпаратты жария ету механизмдерін құру, осыған байланысты ашықтық, жариялылық пен бейтараптықты қамтамасыз ету іс-шаралары қарастырылуда.

    Шара соңында қатысушы елдер тарапынан дәйекті ынтымақтастықты нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру мақсатында бірқатар ұсыныстар ортаға салынып, саладағы қызметті олар негізінде іс-шараларды ұйымдастыруға келісіп алды,деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates