Неліктен әлемде сәбилердің тууы күрт азайды?

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде туу көрсеткіші айтарлықтай төмендегені туралы статистикалық мәліметтерді жариялады. Оған орай, бұл проблеманың шығуы негізінен коронавирус пандемиясымен байланысты.

    Атап айтқанда, аурудың алдын алу мақсатында қолданылған қатаң карантиндік шектеулер мен “локдаун” ережелері нәрестелердің дүниеге келуін күрт азайтты.

    Яғни, осы кезеңде медициналық мекемелердің шамадан тыс жұмысы, жүктілік кезінде ауруды жұқтырудан қатты қорқу, экономикалық мәселелер, кейбір ата-аналардың көпшілігін балалы болу жоспарларынан уақытша бас тартуға итермеледі.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала есеп-қисабына орай, бұл жөнінде Балтық жағалауы елдері мен Румынияда күрт төмендеу динамикасы байқалып, көрсеткіштер сәйкесінше 28 және 23 пайызды құрады. ЕО-ның қалған елдерінде төмендеу 14%-ға жетті.

    Ұйым сарапшыларының айтуынша, коронавирустық шектеулер қаншалықты ұзағырақ болған сайын, балалар саны да азая береді.

    Дегенмен, бұл жаһандық проблема Швецияны толығымен айналып өтуі кездейсоқ емес. Өйткені мұнда COVID-19 індеті онша үлкен шығын әкелген жоқ. Сондықтан биліктегілер елде қатаң карантиндік шараларды енгізбеді.

    Нәтижесінде өткен жыл барысында Ұлыбританияда бала туу саны 13%-ға, Шотландия мен Францияда 14%-ға және Испанияда 23%-ға қысқарды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates