Кәмелетке толмағандар қылмыс жасаған кезде қандай тәртіпте сұраққа тартылуы қажет?

    Өзбекстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуде заңды өкілдің қатысуы міндетті. Заңдылыққа орай, заңды өкіл деп тұлғаның ата-анасы, оларды асырап алушылары, қамқорлығына алғандар мен демеушілері түсініледі.

    Заңды өкiлдiң iске қатысуына сұраққа тартушы немесе тергеушiнiң шешiмi бойынша кәмелетке толмаған тұлғаны күдіктенуші немесе айыпталушы ретiнде бірінші сұрақ беруден бастап жол берiледi.

    Кәмелетке толмаған тұлғаны күдікті немесе айыпталушы ретінде бірінші сұраққа тартудан бастап, сұраққа тартушы немесе тергеуші істе қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қарастырады. Осы мақсатта кәмелетке толмаған тұлға және оның заңды өкіліне өздері таңдаған қорғаушының ұсыну құқы бар екендігі түсіндіріледі. Егер қорғаушы кәмелетке толмаған тұлғаның, оның заңды өкілінің немесе басқа тұлғалардың бұйрығымен немесе келісімімен шақырылмаса, тергеуші немесе сот ісінде қорғаушының қатысуын өз бастамасымен қамтамасыз етуге міндетті.

    Кәмелетке толмаған тұлғаға айыптау жариялау кезінде қорғаушымен бірге кәмелетке толмаған тұлғаның заңды өкілі де қатысады.

    Кәмелетке толмаған күдіктіні және айыпталушыны сұраққа тарту қорғаушының, заңды өкілдің қатысуымен жүргізіледі.

    Қорғаушы мен заңды өкіл күдікті мен айыпталушыға сұрақ қоюға құқылы. Жауап алғаннан кейін қорғаушы мен заңды өкіл хаттамамен танысуға және ол туралы өз пікірлерін айтуға құқылы.

    Кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны тергеудің жалпы жалғасымдылығы демалыс пен тамақтануға арналған бір сағаттық үзілістерді қоспағанда, күндізгі уақытта алты сағаттан аспауға тиіс.

    Кәмелетке толмаған күдіктіні немесе айыпталушыны сұраққа тартуда сұрақ қоюшының, тергеушінің немесе прокурордың еркіне орай кәмелетке толмаған күдіктіні немесе айыпталушыны қорғаушысының, заңды өкілінің өтінішіне орай педагог немесе психолог қатысуы мүмкін.

    Педагогтың және (немесе) психологтың қатысуын қамтамасыз ету қылмыстық істі жүргізетін сұрақ қоюшының, тергеушінің, прокурордың немесе соттың міндетіне жүктеледі.

    Кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты ықтияттылық шараларанын қолдану туралы оның заңды өкіліне, егер мұндай өкіл болмаса, басқа туыстарына хабарланады.

    Ықтияттылық шарасы ретінде бас бостандығынан айыру немесе үй қамағы кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты тек осы Кодекстің 236-бабында көзделген негіз болғанда және оған бес жылдан көп мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін болған қастандықпен қылмыс жасағаны үшін сотталған болса ғана тағайындалады, сондай-ақ айыпталушының жақсы мінез-құлқын және басқа да шараларды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылуы мүмкін.

    Анықтама үшін: Қылмыстық процессуалды кодекстің 236-бабына негізделген ықтияттылық шаралары айыпталушының, сотталушының тергеуден, бастапқы тергеуден және соттан жалтаруының алдын алу;

    оның одан әрі қылмыстық әрекетіне жол бермеу;

    оның іс бойынша шындықты анықтауға кедергілер келтіруіне жол бермеу;

    үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

    Айыпталушы, сотталған жасаған қылмысы, Қылмыстық кодекстің 15-бабының төртінші және бесінші бөлімдерінде көзделген қылмыстың қауіптілігіне байланысты ол тергеуден, бастапқы тергеуден және соттан жасырынуы мүмкін деген орынды болжам да түрмеге сақтау тәріздегі ықтияттылық шараларын таңдау үшін негіз болуы мүмкін.

    Сараптама өткізу бойынша медициналық мекемеге орналастырып жатқан тұлғаларға, сондай-ақ ақылы зайып жағдайында әлеуметтік қауіпті жылмыс жасаған немесе қылмыс жасаған кейінгі психикалық жағдайының бұзылуы болған жағдайда тұлғаға қатысты шаралар олардың қашып кетуінің және басқа да әлеуметтік қауіпті қылмыстар жасауының алдын алу, сондай-ақ медициналық тексеруді мәжбүрлеу шараларының қолданылуы туралы сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қолданылуы мүмкін.

    Ықтияттылық шарасы ретінде қамауға алу қолданылған кәмелетке толмаған тұлғалар үлкен жастағылардан, сондай-ақ кәмелетке толмаған тұтқындардан бөлек ұсталуы қажет.

    Аббосхан Аъзамханов,

    Ферғана облыстық Әділет басқармасының

    Адам құқықтарын қорғау

    бөлімінің бастығы .

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates