Өңірлер экономикасына көңіл бөлудің арқасында Ферғана облысында да мүмкіндіктер артып келеді. Кейінгі 7 жылда өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны шамамен 3 есеге өсіп, 13 мыңға жеткен. Инвестициялық жобалар нәтижесінде 116 мың жұмыс орны ашылған.
Мемлекет басшысының биыл шілде айындағы сапары экономиканың дамуына жаңа қарқын берді. Биылғы 10 айда шетелдік инвестиция көлемі 1,5 миллиард долларды, ал экспорт көрсеткіші 910 миллион долларды құрады.
Алдағы жылы осы көрсеткіштерді жалғастырып, инвестиция, жұмыс орындары мен экспорт көлемін ұлғайту қажет. Жиналыста Президент бұл бағыттағы кейбір мүмкіндіктерді атап өтті.
Жақында «Қоқан» еркін экономикалық аймағы Қувасай қаласы есебінен 210 гектарға кеңейтілді. Бұл аймақта жалпы құны 1 миллиард доллар болатын 185 жобаны орналастырып, шамамен 12 мың жұмыс орнын ашуға болады. Сонымен қатар, Қоқанда 71 гектар аумақта технопарк құрудың алғашқы кезеңінде 900 миллион доллар тұратын жобалар іске қосылып, 5 мың адам жұмысқа орналастырылады.
Қытайлық кәсіпкерлермен 1 миллиард долларлық, ал Оңтүстік Кореямен 240 миллион долларлық инвестициялық келісім жасалды. Оларды жүзеге асыру үшін облыстың аудандары мен қалаларында 1 210 гектар өнеркәсіп аймақтарын құру қажет. Осы бастаманың нәтижесінде болашақта 30 мың адам, соның ішінде тұрмысы төмен отбасылардың өкілдері тұрақты жұмыспен қамтылады.
«Бесарық» ауданында сауда-логистикалық орталықтың құрылысы басталған. Бұл орталық, Термездегі сынды еркін сауда аймағына айналып, дүкендер кәсіпкерлерге жалға беріледі. Осы жобаның нәтижесінде облыстың экспорт көлемі қосымша 50 миллион долларға, ал жұмыс орындарының саны 2 мыңға көбейеді. Осындай кешенді Қувасай қаласында да салуға болады.
Ауыл шаруашылығында да үлкен мүмкіндіктер бар. Ферғана облысында халықтың иелігінде, жол мен егістік алқаптарының шетінде, су және орман қорының аумағында барлығы 91 мың гектар жер бар. Осы жерлерді тиімді пайдаланып, өнім өндіру мен қайта өңдеуді көбейту қажет.
Мәселен, Ферғана ауданының 15 махалласында жылына 6 мың тонна таңқурай өндіріледі. Оларға жақын жерден аумақ берілсе, кәсіпкер таңқурайды сақтау, қайта өңдеу және қаптауды жолға қойып, қосылған құнды 2,5 есеге арттыруды ұсынған. Тағы бір бастамашы Сохтағы орман жерін жалға алып, 800 гектарда кеурек, 50 гектарда шафран өсіруді жоспарлап отыр.он ерини ижарага олиб, 800 гектарда каврак, 50 гектарда заъфарон етиштирмоқчи.
«Алтыарық» ауданындағы екі сорғы станциясына 9 километр құбыр тартып, қуатын арттыру арқылы 1400 гектар аумақта интенсивті бақ өсіруге болады. Мұнда қосымша 55 мың тонна экспортқа бейімделген жеміс өсіріледі.
Жиналыста Ферғана облысының әкімі осындай мүмкіндіктерді іске асыру жоспарларын таныстырды. Атап айтқанда, келесі жылы 3,7 миллиард доллар инвестиция тарту, экспорт көлемін 1,5 миллиард долларға жеткізу жоспарланған. 500 мың азаматты жұмыспен қамтамасыз ету және 22 мың отбасын кедейліктен шығару міндеті жүктелген.
Мемлекет басшысы ұсыныстарды жетілдіру арқылы облыс экономикасын дамытуға арналған арнайы қаулы дайындауды тапсырды. Экспорттаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау, халықты жұмыспен қамтуды қолдау және жұмыссыздық деңгейін төмендету басты міндет ретінде атап өтілді. Сонымен қатар, бұл мәселеде әкімдер мен жауапты тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігі қатаң түрде белгіленді.