Германия көзқарасы: Өзбекстанның мәдени мұрасы әлем ғалымдарын бірлестіруде

    Германияның жетекші «Berliner Zeitung» газетінде «Өзбекстанның мәдени мұрасы әлем ғалымдарын бірлестіруде» тақырыбында мақала жариялады.

    «Соңғы жылдары Өзбекстанда саяси, экономикалық және мәдени салаларда ауқымды реформалар жүзеге асырылды. Еліміз бүгінде ашық саясаты негізінде әлем елдерін экономикалық ынтымақтастыққа шақыруда. Шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдайды жасап, халықаралық қатынастарды нығайтуда», - деп айтқан автор Ирмгард Бернер.

    Мақалада атап өтілгендей, Жаңа Өзбекстан өзінің бай мәдени және тарихи мұрасын әлемге таныту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, мемлекет басшылығы қолдауымен «Өзбекстанның мәдени мұрасы әлем жинақтарында» жобасы өмірге енгізілуде. Жоба аясында еліміздің мәдени қазыналары, дүние жүзіне шашылып жатқан жәдігерлер, қолжазбалар, өнер туындылары бүгінде шетелдегі ірі кітапханалар мен мұражайларда, жеке коллекцияларда сақтаулып, іздестіру, жинақтау, жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.

    «Үстіміздегі жылдың 5-8 ноябрь күндері «Өзбекстан мәдени мұрасы — жаңа Ренессанс негізі» VII халықаралық конгресстің Шығыс жауһары, өркениеттер орталығы және ғылым ошағы Самарқант қаласында өткізілуі кездейсоқ емес, деген материалда. — Ғасырлар барысында ғылым-білім орталығы саналған осы көне қалада құрылған «Silk road Samarkand» саяхатшылық орталығында әлемнің 30 елінен келген 400-ге жуық жергілікті және шетелдік ғалымдар, ғылым қайраткерлері, мұражай танушылар, шығыс танушылары мен мамандарды бір мақсат төңірегінде бірлестірді».

    Автор, ондай-ақ белгілі ғалым, мемлекет қайраткері Мирзо Ұлықбекке де ерекше тоқталған. «Мирзо Улугбек жасаған шоқжұлдыздарға арналған туындының қолжазбасы факсималды көшірмесі Германияның «Müller & Schindler» баспасымен ынтымақтастықта жүзеге асырылды және «Өзбекстанның мәдени мұрасы әлем жинақтарында» құрамына енгізілді, — дейді мақала. — Конференцияда неміс баспасөзі тарапынан бұл ретте Қашқадария облысынан табылған VIII ғасырға қатысты, фрагменттерде сақталып қалған, 44 сүреден тұратын «Үлкен Лангар Құран» қолжазбасының құнды факсимилді көшірмесінің ұсынылуы жалпыадамзаттың мәдени мұрасына тиісті ынтымақтастықты көрсетеді».

    Басылымда атап өтілгендей, «Өзбекстанның мәдени мұрасы әлем жинақтарында» жобасы аясында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өзбек мәдени мұрасының құнды жәдігерлері жинақталған 70 томдық кітап альбом жарық көрді. Бұл жинақтар қазірде Үндістан, Испания, Моңғолия, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Франция, Чехия және Германияның кітапханалары мен мұражайларына ұсынылған, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    «Бұл кітаптар сатылымға шығарылмаған, тек жобаға қатысып жатқан мұражай мен кітапханаларға беріледі. Сонымен қатар Өзбекстандағы мектептерге де сыйлық ретінде таратылады. Сондай-ақ, ұлы ақын Әлішер Науаи айтқандай: «Кітап – ұстаз, ...ол әрбір сәтте даналық таратады», – деп жазды Berliner Zeitung.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates