Қаулыға орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істердің тиімділігін бағалаудың рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі.
Бұл ретте рейтингтік бағалау төмендегі 5 бағыт бойынша белгіленген индикаторлар негізінде жүзеге асырылады:
мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша механизм мен құқықтық негіздерін жасалғаны және іс жүзіне енгізілгені;
сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерді анықтау, бағалау және азайту бойынша шаралардың жүзеге асырылғаны;
мемлекеттік ұйым басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз көзқарасын көрсететін қатаң әрекеттердің болуы;
қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ішкі тәртіп-қағидаларынан хабардар және осы саладағы білімі мен дағдыларын арттыру бойынша шаралардың жүзеге асырылуы;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу бойынша тиісті сала немесе тармақ кесімінде тұрғындардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, осы індетке қатысты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімділігі.
Рейтингтік бағалау жүйесі 2022 жылдың 1 февралінен бастап, сынақ бойынша, өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізіп жатқан 26 мемлекеттік ұйым қызметіне, ал 2022 жылдың 1 июлінен бастап барлық мемлекеттік ұйымдардың қызметіне енгізіледі.
Рейтингтік бағалау “E-Anticor.uz” электронды платформасы арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы істердің тиімділігі 0 балдан 100 балға дейінгі рейтинг бойынша бағаланады, іс-шаралардың тиімділігі «жақсы», «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз» болып санаттарға бөлінеді.
Мұнда қызметі:
«жақсы» деген баға алған мемлекеттік ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде оң тәжірибесін жалпыландыру бойынша іс-шаралар белгіленеді және жүзеге асырылады;
«қанағаттанарлық» деп бағаланған мемлекеттік ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі;
«қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған мемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте анықталған кемшіліктерді жою және олардың осы саладағы қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар бағдарламасы дайындалатын болады, оның орындалуы туралы тиісті басшылардың есептері әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық кеңестің мәжілісінде тыңдалады.
Екі жыл қатарынан сыбайлас жемқорлықпен күресудегі тиімділігі «қанағаттанарлықсыз» деп табылған мемлекеттік ұйымдардың басшыларына тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады.