Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк делегациясын қабылдады

    Билік 9 Mart 2023 5861

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 9 наурызда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Анна Бьерде бастаған делегацияны қабылдады.

    Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері, сондай-ақ осы жетекші халықаралық институттың Өзбекстандағы реформалар бағдарламасын ілгерілетуге белсенді қатысуы талқыланды.

    Кездесу басында Мемлекет басшысы Анна Бьердені жаңа қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты қызметінде зор табыс тіледі.

    Практикалық ынтымақтастықтың жоғары көрсеткіші мен тиімділігі атап өтілді. Кейінгі жылдары бірлескен жобалардың портфелі айтарлықтай кеңейіп, 10 миллиард доллардан асты. 2017 жылдан кейінгі қаржыландырудың жартысы соңғы бірнеше жылда бөлінді. Бүгінде Өзбекстан Банктің ең ірі бенефициарларының біріне айналды.

    Жаңа Өзбекстанның Даму стратегиясының маңызды бағыттарына негізделген 2022-2026 жылдарға арналған Серіктестік бағдарламасы қабылданып жүзеге асырылуда. Кедейшілікке қарсы күрес, энергетика саласын түрлендіру және «жасыл» экономикаға көшу, жекешелендіруді бастау, шетелдік инвестицияларды тарту стратегиясын әзірлеу, денсаулық сақтау жүйесін қолдау және басқа да көптеген салаларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

    Вице-президент Дүниежүзілік банктің Өзбекстандағы реформалар стратегиясына қолдау көрсетуді жалғастыратынын баса айтты.

    Банк кедейшілікке қарсы күресу, бизнес жобаларды дамыту және қаржыландыру, ауылдық инфрақұрылым мен қала орталықтарын жаңғырту, әйелдерді жұмыспен қамту және жастарды кәсіпке оқыту, 2030 жылға дейінгі денсаулық сақтау стратегиясын жүзеге асыру бойынша ауқымды жоспарларды белсенді түрде қолдауға ниетті.

    Экономиканы карбонизациялау және баламалы энергетиканы дамыту, электр энергиясын өндіру және беру саласындағы бас жоспарлар, энергия тиімділігін арттыру және төтенше жағдайларда энергетикалық жүйенің тұрақты жұмыс режимін әзірлеу, гидроэнергетикалық жобаларға сараптамашылар қолдауы мен қаржыландыруды тарту ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде анықталды.

    Өзбекстанның климат өзгеруі және дамуы туралы елдің баяндамасын талқылауға арналған бірлескен іс-шараның нәтижелері жоғары бағаланды.

    Бюджеттік қолдау, жер реформасы, ауыл және су шаруашылығын қаржыландырудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік банктер мен кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жеделдету бойынша практикалық жұмыстарды жалғастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Реформалар мен басым жобаларды ілгерілету үшін Дүниежүзілік банктің «Мемлекет платформасы» мүмкіндіктерінен кеңінен қолданылатыны айтылды.

    Банк үшін Орталық Азиядағы тұрақтылық пен дәйекті дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық өңірлік жобаларды жүзеге асыруға қатысу маңызды екені атап өтілді.

    Басым жобаларды дайындау және жүзеге асыруды жеделдету бойынша бірлескен «жол картасын» қабылдауға келісілді.