Өзбекстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша жаңа жанасулар, идеялар мен бастамалар туралы пікір алмасылды

    Үстіміздегі жылдың 4 октябрь күні Олий Мажлис Сенатының Әйел-қыздар және гендерлік теңдік мәселелері комитеті, Біріккен Ұлттар Ұйымының Өзбекстандағы өкілеттігі және оның мамандандырылған құрылымдары ынтымақтастығында Өзбекстандағы гендерлік теңдік бойынша Тұрақты даму мақсаттары диалогы өтті.

    Шараға Олий Мажлис Сенатының мүшелері, БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілеттігі, оның мамандандырылған құрылымдары, министрліктер мен кеңселер, халықаралық қаржы институттары, жеке сектор, жастар мен азаматтық қоғам институттары және БАҚ өкілдері қатысты.

    Диалог барысында Өзбекстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, отбасын нығайту, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жұмыспен қамтылуын қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы пікір алмасылды.

    Қазіргі уақытта, елімізде әйелдердің медицинадағы үлесі – 77 пайызды, білім беру саласында – 74 пайызды, экономика мен өндірісте – 46 пайызды, сондай-ақ басқарудағы әйелдердің үлесі – 33 пайызды және партиялар қатарында әйелдердің үлесі 47 пайызға жеткендігі айтылды.

    Шарада үстіміздегі жылы әйелдер мен балалардың құқықтары, еркіндіктері мен заңды мүдделерін сенімді қорғауға бағытталған жаңа заңның қабылдануына, отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық, қудалау сияқты құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті белгілеуге назар аударылды.

    Сонымен қатар, соңғы алты жылда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, оларды қудалау мен зорлық-зомбылықтан қорғауға, отбасы институтын нығайтуға бағытталған 40-тан астам құқықтық құжат қабылданған, сонымен қатар 2023 жылғы дейін Өзбекстанда гендер теңдікті қамтамасыз ету стратегияның маңыздылығы, оларды жүзеге асыру бойынша Ұлттық бағдарлама мен іс-шаралар жоспарының атқарушы қатысушыларымен жан-жақты талқыланды.

    Салада жүргізіліп жатқан реформалар бірқатар халықаралық рейтингтік агенттіктері тарапынан жоғары бағаланып отырғаны, атап айтқанда, «Open Data Watch» ұйымының Ашық гендерлік мәліметтері индексінде Өзбекстан 69,7 баллмен 195 елдің ішінде 18-ші орынға ие болғаны баса айтылып, үздік 20 елдің қатарынан орын алғаны айтылды, - деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Іс-шара соңында қатысушылар Өзбекстандағы гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша жаңа жанасулар, идеялар мен бастамаларға қатысты ұсыныстар әзірледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates