Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбарата ГЭС-1 құрылысы бойынша келісімшарт жасайды

    Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері Қырғызстандағы Нарын дариясында Қамбарата гидроэлектрстанциясын (ГЭС-1) салу туралы келісім жасайды.

    «Осы келісімнің мақсаты Қырғыз Республикасының Нарын дариясында «Қамбарата ГЭС-1 құрылысының жобасын іске асыру және оны одан әрі пайдалану аясында тараптар арасындағы ынтымақтастық шарттарын белгілеу болып табылады», - делінген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан жұртшылық талқылауы үшін жарияланған үкіметаралық бітім жобасында.

    Жоба аясында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары Камбарата ГЭС-1-де өндіретін электр энергиясының барлық көлемін тараптар белгіленген ұйымдар тарапынан кепілдікпен сатып алуы; консенсус негізінде қаулылар қабылдауды және тараптармен келісілген су шығару көлемдерін қамтамасыз етуді ескере отырып, электр станциясының жұмыс режимін басқару.

    Келісімді үйлестіру мен жүзеге асыруға жауапты құзыретті органдар әр республиканың энергетика министрліктері болып саналады. Әр елдің үкіметі келісімді жүзеге асыруға өкілетті ұйымды дербес түрде белгілейді.

    Жобаны іске асыру үшін тараптар Қырғызстан аумағында осы республиканың заңдылығына сәйкес жобаға тараптардың төмендегі пайыздық қатысуын және компанияның жарғылық капиталын ескере отырып, жеке акционерлік қоғам құрады: Қырғызстан – 34%, Қазақстан – 33%, Өзбекстан – 33%. Құрылған қоғамның қызметін бірлесіп басқару қағидаттары оның құрылтай құжаттарында тараптар арқылы келіседі. Әрбір тарап компанияның құрылтайшысын дербес түрде белгілейді.

    Жобаны қаржыландырудың негізгі көздері компания құрылтайшыларының жеке қаражаттары, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен коммерциялық банктердің несиелері мен гранттары болып табылады. Тараптар келісімшарт мәтініне өзгерістер мен қосымшалар енгізе алады.

    Жобаны іске асыру мерзімін жобаның техникалық-экономикалық негіздерін жаңарту және бекіту нәтижелеріне орай, тараптар жекелеген келісімдерде немесе осы келісімшартқа қосымшада белгілейді және келіседі.

    Жобаны жүзеге асыру мерзімі аяқталғаннан кейін Қамбарата ГЭС-1 акциялары мен активтері толығымен Қырғызстан мүлкіне өтеді. Жобаны іске асыру мерзімі мен оны аяқтағаннан кейін өзара ынтымақтастық механизмдері жобаның техникалық-экономикалық негіздерін жаңалану және бекіту нәтижелеріне орай тараптар жеке келісімдерде немесе үкіметаралық келісімге қосымша ретінде белгіленеді және келіседі.

    Келісім жобасын талқылау 26 апрельге дейін жалғасады.

    Қырғызстан Президенті Садир Жапаров март айының басында Халықаралық даму ассоциациясының (Дүниежүзілік банк тобына жататын несие ұйымы) қаражат бөлуі үшін қажетті болған ішкі мемлекет тәртіп-қағидаттарын жүзеге асыруды көздейтін заңға қол қойды. Құжат аясында Қырғызстанға 3 миллион доллар көлемінде несие және 2 миллион доллар көлемінде грант бөлінеді. Бұл қаржылар ГЭС құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздерін жаңартуға, жобаның техникалық мүмкіндіктерін бағалауға, оның экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға, қаржылық және коммерциялық базаны нығайтуға бағытталады.

    Садир Жапаров 2022 жылдың 8 июнь күні Қамбарата ГЭС-1 құрылысын бастауға старт берген еді. ГЭС құрылысы 10 жылға созылады, сонымен қатар бірінші гидроагрегатты тғрт жылда пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қуаты 1860 МВт болатын Қамбарата ГЭС-1 Нарын дариясы жағасында – тағы бір ірі – Тоқтағұл ГЭС-інің (1200 МВт) жоғары ағысында салынады. Жоба биіктігі 256 метр тоған және 5,4 миллиард текше метр су қоймасын салуды көздейді. Станция жылына 5,6 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп хабарлайды kz.kursiv.media.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates