Туберкулезге қарсы күрес бойынша Өзбекстанның тәжірибесін ДДСҰ тағы да мойындады

    Денсаулық 24 May 2023 2186

    Қазірде Денсаулық сақтау министрі А. Иноятов басшылығындағы Өзбекстан делегациясы Швейцарияның Женева қаласында іссапармен жүр.

    Біздің өкілдер бұл жерде 194 елден келген делегаттардың қатысуымен өтіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-сессиясына қатысуда.

    Ағымдағы жылдың сентябрь айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының туберкулезге қарсы күрес бойынша жоғары деңгейдегі мәжілісі өтетіні белгілі. Оған дайындық көру аясында ұйымдастырылған интерактивті тыңдауларды Өзбекстан мен Польша төрағалықпен үйлестіреді.

    Министр А. Иноятов өз баяндамасында кеңірек түсіндірме берді.

    Атап өткендей, бүгінде елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен туберкулезге қарсы қызмет саласын реформалау нәтижесінде 130 мыңға жуық адамның өмірі сақталып, дертке шалдығу көрсеткіші 43 пайызға, өлім-жітім көрсеткіші 84%-ға төмендеді.

    Қазір елімізде туберкулезді анықтайтын 5 сатылы заманалық зертханалық жүйе жұмыс істеуде. Аурудың профилактикасына, диагностикалауға және емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек мемлекет тарапынан тегін беріледі.

    Тек 2023 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2023-2026 жылдары дәрі-дәрмек пен шығын материалдарына, медициналық техникаға, мамандарды даярлауға және инновациялық ғылыми зерттеулерге мемлекеттік бюджеттен 33 миллион доллар және халықаралық донорлар есебінен 26,5 миллион доллар көлемінде қаржы бөлінуі көзделген.

    Өзбекстанның 13 әкімшілік аумағында «Өкпе саулығы» жылжымалы мобильді бригадалары ұйымдастырылып, олар шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарды тегін медициналық тексеруден өткізеді.

    Фтизиатрия және пульмонологиялық қызметтерді интеграциялау нәтижесінде өкпе саулығына арналған әмбебап және жоғары технологиялық медициналық көмек беру жүйесі құрылуда.

    Жиында Өзбекстанның туберкулезге қарсы күрес бойынша тәжірибесі тағы да бір рет ДДСҰ аясында жоғары бағаланып, басқа елдерге үлгі ретінде танылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ескертейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2035 жылға дейін әлемде туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейін 95%-ға төмендетуге қатысты стратегиялық мақсатты қабылдаған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates