Табиғи ресурстар мен кадрларды Германияның технологиялық және өнеркәсіптік әлеуетімен үйлестіруде үлкен нәтиже береді деп күтілуде

    Үстіміздегі жылдың 15 сентябрінде Самарқант қаласында Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Акрам Алиев, Самарқант облысының әкімі Эркинжон Турдимов, тиісті министрлік пен кеңселер, тармақ бірлестіктері басшыларының және екі елдің ірі компаниялары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Өзбекстанда инвестициялық ортаны жақсарту, салық жүктемесін азайту, 8 мың түрдегі тауарға кедендік төлемдерді алып тастау, бірқатар қызмет түрлерін лицензиялауды жою, инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың іс жүзіндік жақтары атап өтілді.

    Атқарылған іс-әрекеттердің нәтижесі де айтылды. Атап айтқанда, 2017 жылдан бері тікелей шетелдік инвестиция көлемі 3 есеге, экспорт көлемі 2 есеге артып, 5 пайыздық тұрақты экономикалық өсу және, өнеркәсіптің 8 пайызға өсуі байқалды. Ішкі жалпы өнімді жан басына шаққандағы 4 мың долларлық табысқа тең келетін 160 миллиард долларға жеткізу, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу алдағы бірнеше жылдың басты мақсаты.

    Өзара тиімді сындарлы ынтымақтастықты тереңдету маңыздылығы атап өтілді. Өзбекстанның бай табиғи ресурстары мен білікті кадрларын Германияның технологиялық және өндірістік әлеуетімен үйлестіруден үлкен нәтиже күтілуде.

    Сондай-ақ кездесу барысында еліміздің электротехника, машина жасау және химия өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері ұйымдастырылды.

    Германия компанияларының басшылары Өзбекстан базарына шығу бойынша өз ойларымен және жоспарларымен бөлісті. Бірлесіп жұмыс істеу бойынша нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдар білдірілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша мыс өнімдері, медициналық бұйымдар мен жеке гигиена құралдары, тоқымашылық бұйымдарын өндіру, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту, Өзбекстан азаматтарын Германия кәсіпорындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, заманауи логистиканы құру білім және қаржылық-техникалық ынтымақтастық бойынша бірқатар келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов пен Германияның экономикалық Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаел Хармс Өзбекстан мен Германия арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған технологиялық ынтымақтастық және өндірістік кооперациясының бағдарламасына қол қойды, деп хабарлады Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates