Бұл екі бағыт – адам өмірін, өмір сүру сапасын, генофондтың денсаулығын анықтайтын өте маңызды сала болып табылады.
Мемлекет басшысы осы саланың жағдаймен танысу үшін 2021 жылдың мамыр айында Республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығында болды. Содан 27 мамырда Президенттің «Халыққа гематологиялық және онкологиялық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. онда Республикалық онкология және радиология медициналық орталығына жаңа заманауи ғимараттар салу және жабдықтау жоспарланған болатын.
Осыдан кейін жоба шетелдік клиникалардың озық тәжірибесі мен дәрігерлер және науқастарға барлық жағдайды ескере отырып әзірленді. Ол бұрынғы презентациялардан алынған кері байланыс негізінде одан әрі дамытылды.
Жаңа ғимарат 10 қабаттан тұрады. 3 қабатты жерасты бөлігінде радиология және сәулелік терапия, позитрон-эмиссиялық томография, радиоизотопты зерттеу сынды бөлімдер орналасады. Орталықта иммунотерапия, мақсатты терапия, желілік акселератор және стереотоксикалық жарық терапиясы, радиохирургия сияқты емдеудің жаңа түрлері енгізіледі. Бұл жаңа корпус Ташкент медицина академиясының 2-ші емханасы аумағында салынбақ.
Өзбекстандағы ғылыми-диагностикалық және емдік әлеуеті зор мамандандырылған мекеменің бірі – Республикалық мамандандырылған эндокринология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығы. Онда 288 орынды стационарлы бөлім және 250 адамға арналған консультациялық-диагностикалық емхана бар. Орталықтың қазіргі ғимараты 1974 жылы салынған болып, материалдық-техникалық базасы ескірген.
Сондықтан бұл мекемеге Ташкент медицина академиясының 1-ші емханасы базасында жаңа кешен салу жоспарлануда. Бұл орталықтың жағдайын жақсартып, қызмет көрсету аясын кеңейтеді. Атап айтқанда, бүгінде эндокринологиялық орталықта 14 бөлімше болса, жаңа кешенде тағы 14 бөлім ашуға мүмкіндік туады.
Құрылыс жобаларын мақұлдаған Мемлекет басшысы енді жұмыс жүйесін ретке келтіріп, медициналық қызмет көрсету сапасына баса назар аудару керектігін қадап айтты. Орталықтарға шетелден мамандар тарту, дәрігерлерді әлемдік медицина жетістіктері негізінде қайта даярлау, ғылыми зерттеулерді ынталандыру тапсырылды. Осы республикалық орталықтарды салумен қатар облыстық диспансерлер мен емханалардағы жағдайды жақсарту, заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, дәрігерлерді оқытудың маңыздылығы сөз болды.