Шавкат Мирзиёев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 19 наурыз күні Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті. Сұхбат барысында екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.