Үстіміздегі жылдың 4 июнінде Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігінде Өзбекстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Равшан Гулямов Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала басшылығындағы делегация өкілдерімен кездесті.
«Өзбекстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үдерістерін жеделдетуге қатысты қосымша іс-шаралар туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-181-санды, 02.06.2023 ж.) қабылданды.
Президент Шавкат Мирзиёев Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерістері мен перспективалары туралы таныстырылымға қатысты.
Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев басшылығындағы делегация Швейцарияның Женева қаласында іссапармен жүр. Сапардың күн тәртібінде халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Үстіміздегі жылдың 14 декабрінде Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовтың төрағалығымен Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша Келіссөздер жүргізу тобының кезекті жиналысы өтті.
Ағымдағы жылдың 1 декабрінде «Hilton Tashkent» қонақүйінде Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі БҰҰДБ, UNCTAD/ДСҰ халықаралық сауда орталығы және ДСҰ хатшылығымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел жиналысы өтті.
Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде министрдің орынбасары Бадриддин Абидов және Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу бойынша Жұмысшы топың төрасы, Корея Республикасының Женевадағы елшісі Ли Техо және ДСҰ Хатшылығының Ұйымға мүше болу бөлімі директоры Майка Ошикава арасында бейнеконференцбайланыс арқылы үшжақты кездесу өтті.
Үстімідегі жылдың 21 июнінде Женева қаласында Өзбекстанның Дүниежүзі сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болу бойынша Жұмысшы топтың 5-жиналысы өтті.